Өлең, жыр, ақындар

«Болашақ» бағдарламасы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілмек

2023 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

Кандидаттар өтінім берген кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Мысалға, ағылшын тілінде магистратураға түсушілер нәтижесі 9.0 - ден кем дегенде 6.0 IELTS, PBT 677- ден 498, IBT 120- дан 60 TOEFL сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер - IELTS 5.0, PBT-417, IBT-35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуы тиіс.

«Биыл «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Бұл шара кандидаттардың құрамын сапалық жағынан арттыру үшін қабылданды. Шетелдік жоғары оқу орнының докторантурасына түсетін қазақстандықтарды қоспағанда, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері шет тілін меңгерудің жоғары деңгейін растауы қажет», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар