Еуропаның бір қаласындағы атақты көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі бір туындыны көреді. Көркемөнердің бұл туындысы өте қымбат екені түсінікті. Бала сурет тұрған витринаның алдында суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпейтін болған соң, қимай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды. Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің әлі сатылмағанын көріп қуанады да, дүкенге сеніммен кіріп суреттің авторына “Сіз салған суретті ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинап келдім. Суретті маған сатыңызшы”, — деп бір уыс ақшасын суретшінің алдына төгеді.
Суретші біраз ғана ойланып, суретті әдемі қағазға орап, оны сұрап тұрған балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: “Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?” — деп сұрап еді, суретші: “Иә, бұл суретті көп адамға миллионға не одан да қымбатқа сата алар едім. Алайда солардың ішінен бұл суретті сатып алу үшін бір жыл бойы жиған ақшасының бәрін бере алатын қанша адам шығар еді?” — дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі