Түйе шөккен жерге салынған мешіт

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Тарих / Түйе шөккен жерге салынған мешіт

Түйе шөккен жерге салынған мешіт — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — Ислам тарихы, пайғамбар, Мұхаммед алейһиссалам, Мекке — осы тақырыптарға байланысты.

Ислам тарихында пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның Меккеден Мәдинаға көшуі «хижрет» деп аталды (м. 622 ж). Мекке мүшріктерінің пайғамбарға және мұсылмандарға қысымы толастамағандықтан, Мекке қаласынан Мәдина қаласына көшуге мәжбүр болды. Мұсылмандар топ-топ болып, кіндік қаны тамған жерлерін, дүние-мүліктерін тастап дін үшін туып-өскен жерін қалдырып Мәдинаға көше бастады.

Пайғамбарымыз да Аллаһу Та’аланың әмірімен Меккеден Мәдинаға қоныс аударды. Мәдина қаласында барша мұсылманның басын қосып, бауырластықта тіршілік кешуін қалаған пайғамбарымыз алғашқы жұмысын «мешіт салудан» бастаған болатын.

Бүгінгі Мәдина қаласындағы «Пайғамбар мешіті» тарихтан мәлім болғандай, Пайғамбарымыздың алейһиссалам түйесі шөккен орынға тұрғызылған. Мәдинаға барғанда Расулуллаһты қонақ ету үшін сахабалар бір-бірімен жарысқан екен. Сонда Пайғамбарымыз: «Түйемнің басын бос қоя беріңдер, Жаратқанның әмірімен өзі бір жерге тоқтайды» деді. Түйе біршама жер жүріп барып, екі жетімге тиесілі бір бос орынға шөкті. Екі жетім бала ардақты сахаба Асад бин Зурараның (радиаллаһу анһ) қамқорлығындағы балалар еді. Пайғамбарымыз да мешітті сол жерге салуды жөн көрді. Аллаһ Елшісі жетім балаларды жанына шақыртып, олардан жерлерін сатып алмақ ниетін білдіреді. Балалар да: «Йа, Расулаллаһ! Біз бұл жерді сізге сыйға тарту етеміз», — деді. Пайғамбарымыз бұған келіспей, жердің ақысы ретінде жетім балаларға он динар берген екен.

Осылайша, Аллаһ Елшісі өзінің әрекетімен мұсылман қоғамын құруда мешіттің рөлі ерекше екенін айқындаған. Бүгінге дейін жеткен мешіттің салынуына Аллаһ Елшісі үлкен күш-жігерін жұмсаған еді. Ислам ғалымдарының айтуынша, «Пайғамбар мешіті» ең мүбәрак үш мешіттің қатарына кіреді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түйе шөккен жерге салынған мешіт деген не?

Бұл бетте Түйе шөккен жерге салынған мешіт тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Түйе шөккен жерге салынған мешіт материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Ислам тарихы тақырыбындағы материалдар пайғамбар тақырыбындағы материалдар Мұхаммед алейһиссалам тақырыбындағы материалдар Мекке тақырыбындағы материалдар Мәдина тақырыбындағы материалдар мешіт тақырыбындағы материалдар