Өлең, жыр, ақындар

Алла Ильчун: әйгілі Кристиан Диордың музасына айналған қазақ аруы

Париж қаласында 2020 жылы "Алла-восточная жемчужина Диор" атты Париж сән индустриясын жаулап алған қазақ қызы - Алла Ильчунның өмірі баяндалатын документальды фильмінің премьерасы болды. Батыс киім үлгілерін азиялық модель көмегімен көрсету - ол кезде жоғары сән индустриясында бұрын - соңды болмаған оқиға болды, және ол оқиғаның басты фигурасы-Алла Ильчун. 

Алла 1926 жылы Қытайдың Хэйлунцзян провинциясындағы Харбин қаласында, орыс опера әншісі Татьяна және қазақ теміржолшысы Жуанханның отбасысында дүниеге келген. Харбин қаласы үшін қытайлар мен жапондардың бәсекелестігінің және саяси толқулардың кесірінен Ильчун отбасысы Шанхайға қашып кеткісі келді,алайда соңғы сәтте Францияға қашуға шешіп, әкесі Жуанхан әйелі мен қызын Францияға баратын кемеғе отырғызып, өзі қалып қояды. 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Алла Париж мейрамханалырың бірінде ыдыс жуушы болып жұмыс жасайды. Сол кездерде ол Париж сән үйіндегі модельдер кастингтен өтіп, Кристиан Диор оны жұмысқа алады. Алланың белі 57 см болды, және оның азиялық түр-әлпеті Париж үшін өте ерекше зат болып саналды. Оның мінезі тік болды, 5 тілде сөйледі және ол Диор киімдерінің қалай тігілгені туралы толығымен айтып бере алатын болған. Алла Ильчунды Кристиан Диор "талисман" деп атады. Алланың арқасында Европа "кошачьи глазки" атты макияж трендін білді. Кристиан Диор қайтыс болғаннан кейін Алла көп уақыт Ив Сен Лоранмен жұмыс жасады. 

Сабитова Меруерт


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар