Бүгінгі бала тілі қазіргі қоғамда көптеген кішкентай балалардың тілі кеш шығып, баяу дамып жатыр. Бұл біздің қоғам үшін үлкен мәселе. Баланың енді ғана тілі шығып, әртүрлі сөздерді айтып бастауы ең керемет кездердің бірі. Бірақта баланың тілі өз жасына сай емес, кеш шығуы алаңдатарлық жағдай. Бұл жағдайдың туындауына көптеген себептер бар. Бала құрсақта жатқанда ананың көп ауруы немесе жиі ашуға бой алдыруы, ата-ананың бала тіліне дұрыс көңіл бөлмеуі және т. б. себепші болады.
Көптеген ата-аналар баласы тыныш отыруы үшін телефон, гаджеттерді беріп, интернеттен мультфильм, түрлі видеоларды ұзақ көрсетіп қояды. Баламен сөйлесуге уақыт бөлмей, өз істерімен айналысады. Бұл баланың өзімен-өзі болып, өз әлеміне кіріп кетуіне себепші болады. Балаға ата-ана, бауырлары түсінбесе де сөйлеп, құлағына қазақша сөздерді сіңіре беруі керек. Әсіресе бала айналасындағы әлемін тани бастап, бір жастарында көргенін қайталай бастағанда сөйлесу, оған қарап әңгіме айтып, ойнату өте маңызды. Балаға үнемі телевизор қаратып қоймай құрастыратын ойыншықтар беріп, жан-жануарлар, түрлі-түсті ойыншықтар, әртүрлі формаларға салу секілді ойыншықтар берген пайдалы.
Ата-анаға баламен бірге ойнауға уақыт бөліп үйрену керек. Үш жаста сөйлемей жүрген баланы ертерек дәрігерге апарып тіркетіп, логопед пен психолог, дефектологтарға апарып, ем қабылдау керек. Ертерек алдын алмаса баланың тілін шығарып сөйлету қиындап кетеді. Мамандарға апарып, арқасы мен екі қолына, тіліне, бетіне массаж жасатуы қажет. Ата-ана үйден де баламен жұмыс жасауы өте маңызды. Баланың уақытында сөйлемеуі қазіргі ұрпақтың қасіреті болып тұр.
Қазақ халқы наным-сенімдер мен ырым-тыйымдарға бай халық. Бала тілінің кеш шығуына байланысты түрлі ырымдарда бар. Соның бірі — өңешпен қылғындыру. Бұл ырымды нағашы жұрты істейді. Қойдың өңешін алып, баланың мойнына орап қылғындыру арқылы жасалынады. Бала қорқып шыңғырып жіберу, сөйлеу жолдарын ашады деп пайымдаған. Ал қазіргі заманда логопедтің кеңестері бойынша балаларға құрт немесе сүйекті тістеуді әдетке айналдыру қажет. Бұл бұлшықеттің жақсы жетілуіне әсер етеді.
Теледидар мен интернет әлемінен баланы алыс ұстау керек. Өйткені, бала теледидарда болып жатқан нәрсеге үнсіздікпен қызығып қарай кетеді. Болашақта сөйлеу тіліне кері әсерін береді. Ең басты шарт ата-ананың өз баласына көңіл бөлуі. Қорытындылай келе, ата-ананың баласына көңіл бөлуі ең басты қағидалардың бірі десемде болады. Балаға кішкентай кезінен бастап, денсаулығына жәйбарақат қарамау маңызды. Себебі бала біздің болашағымыз. Уақытылы жасалған шаралар баланың болашағына оң әсерін тигізіп, болашақта жақсы сөйлеуіне көмектеседі. Баланың тәтті тілі, ұрпақтың саулығы — ұлт болашағы.
Мағпарова Ақбота Бисенбайқызы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі