Өлең, жыр, ақындар

Қайырымдылықтың нәтижесі

Мәулана Жалаледдин Руми (қуддиса сиррух) хазреттің Мәснәуи кітабынан:

Өте тәкаппар, бай бір кісі есігінің алдына келген бір кедейге ештеңе бермегенімен қоса, оны жәбірлеп, мұқатып есікті тарс жабады. Байғұс кедей бір шетке отырып жылай бастайды. Дауысын естіген сол маңдағы көзі соқыр кісі қасына жақындап неге жылап отырғанын сұрайды. Кедей болған оқиғаны айтып береді. Соқыр кісі кедейге үйіне қонақ болуын, өзіне серік болып бірге тамақтануын өтінеді. Кедей қысылып қажеті жоқ дегенімен әлгі соқыр кісінің қоймай шақыруымен келісіп үйіне келеді.

Үйіне келген қонақты көр кісі жақсылап күтіп, әңгіме құрып, қарнын тойдырып шығарып салады. Кедей кісінің оған разы болғандығы соншалық, шын ықыласпен оған: «Сен маған есігіңді, көңіліңді аштың, Раббым сенің көзіңді ашсын» деп дұға етеді. Сол сәтте соқыр кісінің көздерінен жас тамшылап артынша көздері ашылып көре бастайды. Бұл соқыр кісінің көздері қалай ашылғандығы жайлы хабар тез арада қала ішіне тарайды. Бұл хабарды естіген бұрынғы тас жүректі бай кісі рас-өтірігін анықтау мақсатында соқыр кісіге келіп, көзінің көретінін байқайды. «Өзің жолың болғыш адам екенсің, көзің қалай ашылды?» деп сұрайды. Ол: «Сен өзің қандай адамсың, есігіңе келген бақыт құсын ұшырдың, есігіңді тарс жауып қуып шыққан адамың, менің көзімнің есігін ашты» дейді. Бай: «Қап әттеген-ай, обалым жоқ менің» деп істеген ісіне өкініп, бармағын тістеп қалыпты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер