Қазіргі таңда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру-өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі заманда тұрмысы төмен,күнкөрістері нашар отбасылар баршылық.Біздің осы қаламыздың өзінде қазіргі қымбатшылықтың,жұмыссыздықтың салдарынан да мұндай жағдайлар қоғамда орын алып отыр.Кейбір жанұяларда көп балалы немесе әкесіз,анасыз жетім балалар киім жоқтықтан,тұрмысы төмен ақша жетіспеушілігінен мектепке барып,білім ала алмай,жыртық киіммен жүрген балалар да бар.Бұл бір жағынан баланың болашағына зиянын тигізеді.Осының салдарынан кейбір жасөспірім балалар өзінің тұрмыс-тіршілігінен,киімнің жоқтығынан басқалардан өзін төмен санап,арланып өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады.Ересек адамдар мұндай тұрмысқа шыдай алмай ішімдікке салынып,ұрлық,қылмыс жасауға дейін барады.Қаншама балалар,үлкен адамдар ауырса да емделе алмай ауруы асқынып,шарасыздықтан көз жұмады.Осыдан келіп жетім балалар мен жесір аналардың санының көбеюіне әкеледі.Қазіргі нарық заманында Қазақстан бойынша көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді.Қазіргі таңда мекемелерде,мектептерде «Қайырымдылық акциясы» ұйымдастырылып жүр.Бұл жақсы іс-шара.Менің ойымша,әл-ауқаты жақсы,барлық жағдайлары жеткілікті отбасылар кимейтін (аяқ-киім болсын,сырт киім) артық киімдерін далаға қоқысқа тастамай көмекке мұқтаж жандарға берсе?!Осы киімдерді ақшалай емес,тегін таратып беретін бір қайырымдылық ұйымы ашылса,жақсы болар еді.Сонда,көмекке зәру жандарға да кішкене болса да көмек болған болар еді.Мен емес жалғыз көпшілік жұрт бұған куә,бәрінде де көз бар,құлақ бар,көріп те,естіп те жүр.Бұл көрініске кейбірі би-жай қарап,көз жұмып кететіндер де бар,іштей аяп өтетіндер де бар.Қайырымдылық жасап жүрген жомарт жандар да бар.Менің айтпағым:барлығымыз осы айтылған ұранмен жұмылып күш салсақ,құнды қасиет-адамгершілік қасиетіміз оянса, бір-бірімізге деген адами көзқарасымыз болып,«Қазағым»-деп, жүрек дүрсілдеп жиі соқса екен деймін!
Қадіржан Алдахов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі