Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың дәстүрлі ойын-сауық мәдениетін компаративистикалық талдау

Қазақ халқының мереке-мейрам мен ойын-сауықтың өзіндік ұлттық өзгешелігі айқын, тарихы ұзақ. Қазақ мәдениетіндегі ойын-сауық дәстүрі барлық уақытта да үлкен қоғамдық маңызға ие болды. Олардың пайда болу уақытын ежелгі дәуірге жатқыза аламыз, олардың дамуында олар халықтың әлеуметтік қатынастары мен экономикалық қызметіне сәйкес келетін бірқатар ауыспалы формалардан өтті. Қазіргі таңда ойын дәстүрі көптеген ғалымдар арасында қызығушылық тудырған тақырыптардың қатарында. Қандай халықты алып қарасаңызда өзінен кейінгі өскелең ұрпақтың дамуы үшін жан-жақты қамқорлық жасаған. Ойын-осы қамқорлықтың басты құралы ретінде танылған. Бұл ойындар тектен тек пайда болмайды. Олардың баршасы делік адам өмірінің қажеттілігін өтеу үшін туады. Әр кездегі жас мөлшеріне, іс-әрекеті мен тұрмыс-тіршілігіне қарай лайықталып ойналады. Шақалақ сәби кезінен бастап бозбала, бойжеткен шаққа дейінгі арналып қалыптасқан сөз ойындары да қамтылады. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, қаншама қиын-қыстау заманды бастан кешірсек те, ақылгөй даналарымыз бен ержүрек батырларымыздың көрсеткен қамқорлығының арқасында көптеген ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен өзіндік құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жалғасын табуда. Дәстүрлі аңыз-әңгімелер мен шешендердің алғыр да ақылды сөздері, ертегілер мен мақал-мәтелдеріміздің де әлі күнге дейін сақталуы ата-бабаларымызды арқасы. Біздің құлағымызға құйып сіңдіруі бірден-бір ата-бабаларымыздың еңбегі орасан зор.  Жазушылар мен халық ақындары ауылдар мен елдерді аралай жүріп, халықтың арман-тілектерін өздерінің өлең-жырларына арқау етті. Сөз өнері мен ой-сананың құлашын кеңге жайдырды. Халықтың көңіл-күйін сергіту үшін сол жүрістерін сән-салтанатқа айналдырды. Солайша, сал-серілік жоралғысы далалық өнерпаздардың дәстүріне, ел өмірінің арнасына айналды. Сал-серілердің арқасында жаппай айтыс дәстүрі қалыптасты. Яғни, екі жас өлең айтып сырласу дәстүрі қалыптасты. Сондай ойын-сауықтарда ойналатын көптеген ойынның түрлері ұлттық дәстүрлі сипатымен құлаш жайды.

Халық арасында ойын сауықты қызықтырып, ерекше қабілетімен дүйім жұрттың ішек-сілесін қатырып, жұрттың күлкісіне себепші болып жүрген шеберлер болған. Олар өздерінің өнерлерін жұрт көп жиналатын жерлерге, әсіресе, мереке мен мейрамда, жәрмеңкелерде, тіпті ауыл арасын аралап жүріп те көрсете білген. Халық арасындағы келеңсіз көріністерді, байлардың сараңдығы мен пасықтығын, күші көптің әлсізге зорлығын күлкі ретінде халыққа жеткізе білген. Қулар өнері-зерттеушілер көп қызығушылық танытқан өнерлердің қатарында. Осы тақырыпқа байланысты зерттеушілер «олар ыңғайы келген жерде қатарға қосылып, күлдіре де, жылата да білетін әнші болумен қатар, күтпеген жерден күлкі шақыра отырып, мүлде басқа бейнеге ауысып кету қулардың басты қаруы» деген болатын. Қулар өнерінің атын аңызға айналдырған Жиренше, Алдаркөсе, Тантай, Торсықбай, т.б. айта аламыз. Олар өздерінің айлакерлігімен әлеуметтік құбылыстарды күлкі нысанына айналдырып, көптеген адамдардың естен кетпес комедиялық бейнелерін жасаған. Қазақ даласындағы қулар өнерін дүр сілкіндірген Елубай Өмірзақов, Иса Байзақов, Құрманбек Жандарбековтер және т.б. айта аламыз. Бұл тұлғалар өздері өнеге тұтқан ортаның дәстүрін жалғастырушы, бүгінгі театрдың классик майталмандары. Олар тіпті сөйлемей-ақ өздерінің іс-қимылымен, бет-әлпеттерін өзгерту арқылы да халықты күлкіге қалдыра алатын болған. Бұл өнер қашанда адамның қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады.

Жастар бір ғана емес бірнеше өнерді қатар игерген. Ақын, күйші, жыршы, білек ептілігін көрсететін батыр да, тіпті көңіл күйді көтеретін сатирик те бола білген. Осындай юәрнеше өнерді қатар игерген сегіз қырлы бір сырлы тұлға ретінде мен Жаяу Мұса, Ақан Сері, Балуан Шолақты айтар едім. Сондықтан мұндай өнер иелерінің ауылға келуі қандай да бір ойын-сауықтың бейнесі саналған. Тіптен кейбір сал серілер пен ақындардың бір өзі бірнеше қызметті атқара білген. Ойындардың салаларында негізгі қызметті атқаратын сөз ойындарының мақсаты – балаларға дұрыс әрі орынды сөйлеуді, өмірдегі болатын сан қилы құбылыстарды түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, шешен әні тапқыр болуға үйреткен. Мұндай сөз ойындарының қатарына жаңылтпаш, мақал-мәтелді жатқыза аламыз.

Халық өнерінен бөліп қарай алмайтын бір саламыз – театр өнері. Бұл өнердің алғашқы ойын сауығының дүниеге келген мекені қарапайым халықтың арасы. Әр елдің өзінде пайда болған өнер сол мекеннің мәдениетін, мақсат мүддесіннен хабар береді.  Ұлттық құндылықтарымыз дәріптеп, халық өнерінің тегін тектеу театртануда қажет. Олай болса ұлттық халық театрының алғашқы туындыларын көне ауыз әдебиетінен іздестіруге болады. Мәселен айтар болсақ, “Жар-Жар”, “Беташар” және “Айтыс”. Бұл өнер туындыларына әйгілі жазушы М.Әуезов “қоспасыз театр” деген баға берген.  Ел жұртымен , жақындарымен қоштасып, сахналық сәтті аңғаруға болатын ерекше салттың бірі – “Сыңсу”. Мұнда сахналық өнер мен актерлік ойынға деген тым жақындаушылықты аңғаруға болады. Дәл сол секілді “Жар-Жардың” да ерекшелігін танытып, театр туралы алғашқы зерттеуінде түсініктеме берген М.Әуезов болатын.  “Ерте заманда мереке-мейрамдар мен тойларда әнмен айтысатын ақындар өз замандарында театрдың алғашқы үлгерін көрсетті. Олардың жасаған сауық-сайраны барша халықтың көңілінен шығып, қуаныш пен шаттыққа бөледі. Одан соң ұзатылатын қыздың тойында ер мен әйелдердің бір-бірімен жарыса орындайтын “Жар-Жары”да бүгінгі сахна төрінде еш өзгеріссіз көруге болаиын ойын-сауық қатарында”,  – деген болатыр М.Әуезов. Ол осындай сөздер арқылы біздің ұлттық туындыларымыздың барлығы дерлік сахна төрінде актерлердің ойнауға ыңғайлылығын, театрлық көріністердің барлығын айқындап көрсетір отыр. Осындай сөздерден біз халықтың ұлттыш сахналық элементтерін халықтың төл туындыларының көптеген түрлерінде қалыптасып, дамып, қазіргі актерлік өнер саласының негізін қалаған деген қорытынды жасауға болады.

Театрлық сипаттағы көріністі біз “Айтыс” өнерінен де көре аламыз. Айтыс-сөз өнерінің ең биік шыңы. Суырып салма қасиетімен сахнаға жақындық жағынан импровизациялық және орындаушылықпен тікелей байланысты. Мұнда тек қана сөз емес, эмоция, бет-әлпетте өзгеріске ұшырайды. Халық әдебиетіндегі ақындардық сөз саптауларының ерекшеліктеріне үңіліп қарасақ, олардың табиғаты актерлік өнерге жақын сөздік қақтығыстардың сан алуан сипатын аңғаруға болады. Тіпті бір-бірімен айтысып отырған екі айтыскер ақынның айтысы да сахналық қойылым секілді әсер сыйлайды.

Қазақтардың сауық мәдениетінде ерекше орын алатын мейрам – әз-Наурыз мейрамы. Күн мен түннің теңелуін атап өтетін Жаңа жыл мейрамы. Аңыз әңгімелерге сүйенер болсақ, бұл күні қарапайым халық қысқы ауыртпалық мен төрт-түлік малдарының аман сақталғанына қуанады. Мифологиялық түсінік бойынша бір күн бұрын, яғни, 21 наурыз даланы Қызыр аралайды екен. Соған байланысты – “Қызыр түні” деп аталады екен. Наурыз түні ауыл бойжеткендері өздерінің көңілі бөлінген жігіттеріне арнап соғымның етін салып пісіріп, “ұйқыашар” аталатын ерекше тағамды даярлайды. Ал ұлдар болса, бойжеткендердің тағамдарына сыйлық ретінде “селт еткізер” дайындап қояды. Мұнда берілетін айна-пәк пен жастықтың белгісі,  тарақ-сұлулықтың белгісі, иіссу-жаңа жарғае жауқазындай құлпырудың белгісі.

Жаңа жыл мейрамы ұлттық ойынды ойнаумен бастау алған. Бірнеше топқа бөлініп халықтар бар өнерлерін паш ететін болған. Ойынның тек бір түрін ғана емес, күрес, бәйге, ақындар айтысы секілді  көптеген өнер салалары бойынша қызу тартысқа түсті. Осылай бастау алған мереке-мейрам адам ықыласына бөленуге таптырмас мезгіл. Бір-бірін құттықтаған жас пен кәрі әр үйді-үйге кіріп наурыз көжеден дәм татады. Әрмен қарай ауылдан-ауылға қыдырып, ір үйге кіріп құттықтап шығады. Мұндай мейрам-мерекелерде жастар өздерінше бөлек жүреді. Ән мен жырдан төгіп, сауық-сайран жасайды. Барлық жастар бірігіп көпшіліктің көңілін көтереді. Біраз серпіліп алған соң әрмен қарай өздерінің сезімдерін бір-біріне қара өлеңмен жеткізетін болған. Барлығын болған соң қызық думанды жалғастыру үшін ыңғайлы үйге жайғасып, әрі қарай жалғастырады. Осылайша, дәстүрлі өнерді дәріптеу жүйеге асады.

Орындаған: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, мәдениеттану мамандығы 4 курс студенті-Конарбаева Мая Кулмурадовна

Ғылыми жетекші: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының PhD докторанты Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер