Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда

Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Биомедицина, технология, НЗМ — осы тақырыптарға байланысты.

2023 жылғы 15 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия и технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері басталды.

Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттырын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының айрықша дәстүрі. Наурыз кездесулері 2011 жылдан бері өткізіліп келеді және заманауи ғылымның жаһандық басымдықтары ішіндегі ең өзекті тақырыптарға арналады.

Астанада денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және үлкен деректерді енгізу жобаларымен табысты жұмыс істеп келе жатқан барлық Зияткерлік мектептердің жас ғалымдары жиналды. Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары 3D-биопринтингке, ақылды протездер мен биоинтерфейстерді жасауға және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев NIS-тің Наурыз кездесулерін үлкен ғылымға жасалған алғашқы қадам деп атады.

– Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың бастамасымен жүзеге асқан Наурыз кездесулерінің тарихи маңызы зор, себебі елімізде жас ғалымдардың бірегей алаңы пайда болды. Бірнеше жылдан кейін біз әлемдік жаңалықтар авторлары мен Нобель сыйлығының лауреаттарының арасынан бүгінгі қатысушылардың есімдерін еститінімізге сенімдімін, – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

– Наурыз мерекесіндегі кездесулердің басты міндеті – мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын оятып, оларды негізгі әлемдік трендтермен таныстыру, – дейді белгілі мемлекет қайраткері, «Қазақстанның құрметті мұғалімі» төсбелгісінің иегері Күләш Шәмшидинова.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Ануар Жанғозин Кездесулердің басты тақырыбына айналған биомедицина мен денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект пен машиналық ойлауды енгізудің өзектілігін және жас өнертапқыштардың жаһандық ғылымның сұранысқа ие бағыттары бойынша жұмыс істеуге деген ұмтылысын ерекше атап өтті:

– Наурыз кездесулері Назарбаев Университетінің Медицина мектебі және Инженерия мен цифрлық технологиялар мектебі, «University Medical Center» корпоративтік қоры Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасымен серіктестікте өтуде. Биомедицина, инженерия және технология салаларына байланысты мамандықтарды таңдаған оқушыларымыз мен түлектеріміздің көбі білімдерін Назарбаев Университеті мен басқа да қазақстандық жоғары оқу орындарында жалғастырып, кейін отандық ғылым, медицина, фармацевтика, биоинженерия және цифрлық технологияларды ілгерілету жолында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

– Бүгінде жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революяция жасауда. Осы қайталанбас шараның бүгінгі қатысушылары болашақта біздің университеттің студенті атанып, тек қазақстандық ғана емес, әлемдік ғылымды да насихаттайтынына үміттенеміз, – деді Назарбаев Университетінің медицина жөніндегі вице-президенті, Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли.

Наурыз кездесулері қатысушыларына Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығының балалар хирургиясы бөлімінің жетекшісі Дастан Рүстемовтің баяндамасы ерекше шабыт берді. Спикер балалар хирургиясының ерекшеліктері мен жаңашылдықтары туралы айтып берді:

– Қазір қазақстандық медицина қарқынды дамып келеді. Бүгінгі күні ең күрделі ағзаны ауыстыру оталарын жасауға мүмкіндік бар. Біздің орталықта ана құрсағында жатқан нәрестелерге де ота жасауға болады. Елімізде және дүниежүзінде балалар хирургиясы мамандары жетіспейді. Наурыз кездесулерінің қатысушылары болашақта біздің әріптестерімізге айналады деп сенеміз.

Пленарлық және панельдік отырыстарда дүниежүзіне жетістіктерімен танылған Массимо Пиньятелли, Атакан Варол, Дастан Рүстемов, Айгүл Сәдуақасова, Сиамак Фазли мен басқа да отандық және шетелдік ғалымдар баяндамаларын ұсынады деп жоспарланған.

Білім беруді тұрақты дамыту қоры жалпы білім беретін мектептер атынан жоба қорғайтын оқушылардың үлкен тобының Астанаға сапарын ұйымдастырды. Еліміздің барлық өңірінде 17 тірек мектепті дамыту бойынша сұранысқа ие жобаның жаңа кезеңі Наурыз кездесулеріне қатысудан басталады.

Наурыз кездесулерінің қатысушылары үшін ауқымды танымдық және мәдени бағдарламалар дайындалды: елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің «NIS Engineering» техноториясында робототехника және дизайндық ойлау бойынша мастер-кластар, көктем мерекесіне орай «Құрманғазының әйгілі бес күйі» мен «100 ән» атты шығармашылық сағаттар, «Наурыз тартуы» концерттік бағдарламасы, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінен түрлі сабақтар, сондай-ақ Ұлттық музей мен астаналық театрларға экскурсиялар.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда деген не?

Бұл бетте Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Жасанды интеллект пен BIG DATA медицинада революция жасауда материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Биомедицина тақырыбындағы материалдар технология тақырыбындағы материалдар НЗМ тақырыбындағы материалдар journalist01 жариялаған басқа материалдар