Өлең, жыр, ақындар

Самооценка және самооценканы көтеру жолдары

Самооценка жайлы көп естіп, оқып жатамыз, ал самооценка дегеніміз не? Самооценка дегеніміз ол жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы. Өз іс-әрекетін, қабілетін, сезімдерін, еңбегін бағалауы жатады. Алғаш осы сөзбен танысқан кезде ойлаушы едім, ол өз түріңді қабылдап, соны жақсы көру ғана деп. Тереңінен зерттей келе бұл өте таяз пікір екенін ұқтым. Себебі түрімізді қабылдау, ұнату бұл-самооценканың бір бөлігі ғана. 

Психологияда самооценканың екі түрі бар: адекватты және адекватты емес.

Адекватты емес самооценка түрінің өзі екіге бөлінеді, олар жоғары немесе төмен. Самооценкасы жоғары типтегі адамдар өздерін тым жоғары бағалайды, менмен және сын көтере алмайды, қандайда бір проблема туындаған жағдайда олар кінәні өзінен емес өзгелерден іздейді. Ол жан өзіне шектен тыс сенімді және оның айтқан сөздерінің бәрі дұрыс деген көзқараста. Сонымен қатар өз тарапына айтылған сыни пікір мүлдем дұрыс емес деп санайтын өзімшіл жандар. Себебі отбасындағы берілген тәрбиенің дұрыс болмауы, өйткені бала кезінде ата-анасы шектен тыс көңіл бөліп оның барлық қалауын орындап және оған дұрыс емес қылықтарын қабылдауында. 

Ал самооценкасы төмен адам өз сезімдерін жасырады және интуициясын тыңдамайды, ол үшін басқа жандар шешім қабылдауына рұқсат береді, жеке шекарасы жоқ, және өзгелер өтініш жасаса жоқ деп бастарта ала алмайды, сондықтан бұл типтегі адамдарды жиі өз пайдасына қолданып кетіп жатады. Адамның мұндай типке жату себептеріне балалық шағындағы алған травмалары әсер етеді, сонымен қатар өзіне деген талаптың жоғары болуы мен миындағы идеалға ұмтылуы және сол идеалға жетпегені үшін кінәлауы болып табылады. 

Адекватты самооценка иесі ол өзінің жақсы және жаман қасиеттерін білетін, өз кемшіліктерін қабылдап, өзін ол үшін кінәламайтын жан. Өзіне айтылған сын пікірден қорықпайды, ұялмайды және ренжімейді. 

Қалай самооценкасы адекватты деңгейде болу үшін не істеуіміз керек?

• Ортаңызды өмірде жетістікке жеткен адамдарға ауыстырыңыз. Бір құмалақ май бір қарын майды шірітеді демекші сізге міндетті түрде ортаңыз самооценкаңызға әсер етеді.

• Өзіңізге сыни көзқараспен қарауды доғарыңыз. Жасаған қателігіңіз үшін өзіңізді кінәлай беруден аулақ болыңыз. 

• Өзіңізді зерттеңіз және барлық кемшіліңізді қабылдаңыз. Сол кезде сіз тарапқа айтылған критикаға ренжімейтін боласыз.

• Өзгелерден үміттенуді тоқтатыңыз. Ешкім сізге көңіл бөлуге, сізді жақсы көруге немесе сіз туралы міндетті түрде жақсы пікірде болуы тиіс емес. Сізге одан ешқандай пайда жоқ. Үнемі адамдардан бірнәрсе үміттеніп жүріп сіз жан-жағыңыздағы мүмкіндіктер мен бақытты сәттеріңізді өткізіп аласыз. Бір сөзбен айтқанда самодостаточная болыңыз. Өз-өзіңізге көңіл бөліп, өзіңізге ең құрметті қонақты күткенде қандай жағдай жасайсыз ол адамға сол секілді өзіңізге де солай жағдай жасаңыз. 

• Әрбір жеткен жетістігіңіз үшін өзіңізді мақтап, сыйлық жасап отырыңыз. Бұл сізге басқа мақсаттарыңызға жетуге мотивация болады және сенімділіңіз артады.

• Өз өміріңіз өз қолыңызда! Істеген әр ісіңіз үшін, өміріңіз үшін жауапкершілік алыңыз. Өзгелер сізді бақытты қыла алмайды.

Оқып отырып өте оңай ғой деуіңіз мүмкін, ия шынымен де оңай нәрсе. Жай ғана өзіміз бүкіл нәрсені қиындатып алатынымыз бар. Сондықтан өз-өзімен гормонияда, бақытты әрі тыныш өмір сүргіңіз келсе. Ортаңызда сыйлы болуды қаласаңыз. Миымыздағы таракандардан арылып, сапалы өмір сүру үшін адекватты самооценка иесіне ұмтылуымыз керек. Сәттілік!

Қазақ Ұлттық Университеті

Дінтану мамандығы 1курс студенті

Сарсанбаева Жадыра

Жетекші Улжан Аскарбаевна


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз