Қолжазба “Садақ” журналы 1915-1918 жылдары Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тілепбергеновтың бастамасымен үзбей жарыққа шығып тұрды. Журналдың мақсаты оқуға келген келген қазақ жастарына әріп танытып, қалам ұстап, өткендегі өмірдің жақсылық жағын өнеге ету болатын. “Садақ” журналы өз материалдарында мәдени-ағартушылық идеология бағытын ұстанды. Оған дәлел, “шәкірттерді әдебиетпен таныстырды, қолдарын қаламға үйретті, өнерге берді”. Бұл әркім өз қолымен көшіріп жазып отырған қолжазба болмады. Қазақ журналистикасының даму тарихында елеулі рөл атқарғанын біз айтпасақ та, көтерген мәселелерімен мойындаймыз. Журналистік мамандықты қадір тұтқан Тілепбергенов сияқты мұғалім, ақын-жазушылар тәрбиеленіп шықты.
Жиенғали Тілепбергенов журналдың 1917 жылғы бес номерінде “Мұғалімдік туралы” деген прогресшіл педагогиканы және озат ағартушылық идеяларды насихаттайдын ірі көлемді мақала жариялайды. Мұнда медресе бітіріп шыққандарға “бұрынғы алдаушы, сатылғыш арамза молдалардың ізіне түсіп кетпеуді” ескертеді. Әрі жаңа әліппемен төте оқытатын мұғалім балаларға мейірімді қарап, білім мен жазуды бірге үйретуге, жұрт алдында ұстамды болуға тиістігін жазады. Ол тек балаларды оқытумен тынбай, ел арасында мәдени-ағарту жұмыстарымен айналысып, сауаттандыру, газет, кітап оқып беру, мұғалімдер даярлайтын курстар ашу жаңа халықтық мұғалімдердің ардақты борышы болмақ дейді. Садақтан өнеге алған қазақ жастары өз сыныптарында “Тұзақ”, “Бұлтартпас” деген күлкі-сықақ журналдар шығарып бастаған. Ал кейбір журналды оқитын оқырмандар өз мектептерінің қабырға газетін шығарған. Мысалы, бір ауылда “Сәуле” мектебінің мұғалімі Кенжеғали Ғабдуллин “Талпын” деген газет шығара бастап, оның алғашқы номерін “Садақ” басқармасына жіберген. “Садақ” қолжазба журналы тек ағартушылық материалдар ғана шығарып қоймады. Кейіннен автономиялық цензураның мәнін түсінгені материалдарында байқалады. Журналдың өзі Уфа қаласында шығып тұрғаннан, басында “Ғалия” медресесінде оқитын қазақ жастары Қазақстанда болып жатқан мәселелерге жете қанық болмады.
1918 жылы 10 ақпандағы соңғы номерінде Орынборды большевиктер алғандығы туралы хабарланады:
«Бұл қадірлі жаңа жолда біздің қазақтардан да жоқ емес еді. Ғалибек Жанкелдин деген кісі большевиктерді ертіп келіп, «Қазақ» басқармасын жаптырды. Бұл уакытта ондағы мырзалар қазақ ішіне кашып кетпек еді. Faлибек Жанкелдин деген кісі «Қазақ» басқармасын тінтіп, жаңа шыққан «Қазақтың» бір номер газетін - «Баяғыдан бері сен біздің аяғымызға қандай тұсаулар салмадың!»- деп, қосқолдап тұрып айырып-айырып тастапты» делінген.
Журналда бұл хабардың жариялануы Жиенғали Тілепбергеновтың көзұарасында прогресшіл революцияшыл демократиялыққа қарай өзгеріс басталғандығын аңғартады. Одан кейін Садақтың 1917 жылғы 18 ноябріндегі 4 номерінде Омбыда оқитын қазақ жастары “Бірлік” деген ұйым ашқанын, басқармаған орысша басылған уставы келді, мақсаты халықты білімге тарату деген мақалалар жарияланды. Бұл мәдени-ағартушы емес, патша өкіметінің қысымына қарсы саяси күрес болды.
Қорыта айтқанда, “Садақ” журналы қолжазба күйінде болса да, қоғамдық мәселелерде жастарға жазу мен білімде өзіндік рөл атқарып, қазақ әдебиетінің өсіп жетілуіне үлес қосты.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қ. Бекхожин “Қазақ баспасөзінің даму жолдары” 2. Қ. Бекхожин “Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі” (1860-1958) Алматы “Мектеп” 1981 3. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
Айгерім ЕСІМХАН,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультетінің 1-курс студенті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі