Өлең, жыр, ақындар

Спорт журналистикасының шебері

Спорт журналистикасы жайлы сөз қозғағанда,  бірінші кезекте еске түсетін тұлға – Сейдахмет Бердіқұлов. Ол – қазақ спорт журналистикасынаүлес қосқан қарымды қаламгер, публицист. Кезінде оның футбол жайлы жазған әрбір мақаласын оқырман үзбей алып оқыды. Әрине, көркемдеп, оқырманды футбол алаңында отырғандай сезіндіріп беретін мақаланы оқудан кім бас тартсын?! Керек десеңіз футбол сүйер қауым Сейдахмет Бердіқұлов мақаласын оқуүшін газет сататын дүңгіршекте үлкен кезекте тұратын. 

Сейдахмет Бердіқұловтың футбол жайлы жазылған мақаласын оқырманның оқуына басты себеп – жазу шеберлігінде. Футбол сүйер қауым ойын жайлы мақаланы Сейдағаң жазбалары арқылы оқып, тіпті телеарнадан тікелей эфир тамашалағандай әсерге бөленген.

​1966 жылы Лондонда, 1970 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатында екі мәрте әлем чемпионатында болып, сол туралы алғаш қалам тарқан қазақ – Сейдахмет Бердіқұлов болды.

Сейдахмет Бердіқұлов “Пеленің 12 қатесі” атты мақаласын шебер жазуына басты себеп,  аты шулы Пелені сынға алған. Сөйтіп, Франциялық атақты “Экип” атты спорт журналы Сейдахмет Бердіқұловтың мақаласының соңына түседі. Себебі, кез-келген журналист Пеле жайлы сынға алып мақала жазуға батылы жетпеді.

Мақалада Сейдахмет Бердіқұлов Пеленің қателіктері жайлы сөз қозғады. Соның ішіндегі бір қателігі, Пеле қорғаушылар аймағына қайта-қайта келетіндігі. Қайтып келгенімен қатар, қорғаушыларға ақыл айтып,  кедергі келтіреді екен. Егер футбол тактикасынан қарайтын болсақ, Пеленің бұл әрекеті мүлдем дұрыс емес. Футбол алаңында әр ойыншы өз міндетін біліп, жаттықтырушының айтқанымен істеу  керек, тек сол кезде ғана команда жеңіске жетеді. Сейдахмет Бердіқұловтың ойынды тек көрермен ретінде қарамай, сыни көзқараста қарауының нәтижесінде соны мақаласын жазды.

Журналист Сейдахмет Бердіқұловтың«Пеленің 12 қатесі» мақаласы біраз жерге тарап, шетелдіктер осы мақаласына қомақты қаржы да ұсынған екен. Бірақ Сейдағаң бас тартқан. Сейдаған Пеленің өзімен де таныс болып, бірге суретке де түскен. Сейдағаңның осы жазған мақаласынан кейін Пеле өз қолымен: «Менің жасыл алаңдағы әріптесім айтқан 12 қатеге түгел құлдық ұрамын» деген қолтаңба жазған. 

Қазіргі қазақ спорт журналистикасында Сейдағаңдай жазатын ешкім жоқ. Себебі, қазір спортта тек маңызды сәттер мен ойын нәтижесін жазып, қысқаша ғана шолу жасайды. Сондықтан, Сейдахмет Бердіқұлов – қазақ спорт журналистикасының алтын қазығы.

Ахметқазы Бекзат, журналистика факультеті 2-курс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз