Өлең, жыр, ақындар

Қазақ мәдениетін жандандырған Камал Смайылов

Камал Смайлов өз дәуренінде, замандастарымен біріге үлкен бастамалар жасады. Қазақтың мәдениет, өркениет, руханият әлеміне жол ашты. Өз елінің, өз ұлтының жанашыры бола білген дара тұлға. Әрине сөзбен айту оңай, бірақ ағамыз барлығын іспен дәлелдеді. Кеңес кезеңінің билігі орнап тұрған тұста, өз елінің  құқығын мәдениетін заңды әрі батыл түрде қорғай білді. Мәселен, «Телевидения-Айна Емес, Рентген» еңбегінде қазақ теледидарының құлашы кең жазылып «Жарық» жер серігінің арқасында республиканың ауыл-аймақтарына жеткені ағамызды шабыттандырған болатын. Бірақ арналарда көбінде тек дебаттар, талас-тартыс айтыстар, концерттер, монолог, диалогтар жалпы айтқанда бос сөздің көптігі байқалған, телевидения радиоға айналып кетті. Яғни қазақи контент ұғымы мүлде болмаған. Саналы, сапалы контентті жасауға  ешкімнің қауқары да, батылы да болмады. Осы мәселені қолға алуға Камал ағамыз білек сыбана кірісті. Камал ағаның айтуынша, жылдар өткен соң ел есінде, жұрт жадында тек күрделі, өзіндік мәні бар төл дүниелер-циклдер, хабарлар ғана қалады. Себебі жеңіл-желпі хабарлар сол күні ұмытылады. Бұл еңбегінде, Лұқпан Есеновтың «Тамаша» хабарының негізінің қалай қалануы, «Айтыс» хабарын Сұлтан Оразалин бастап, кейіннен Жүрсін Ерманов әрі қарай дамытқаны жайында да сөз қозғалады. 

Сонымен қатар сол жылдары телевиденияда үлкен сұрақ болған басты мәселе, қазақ контентінің уақыт ауысымы. Камал ағамыз «Терме» бағдарламасын, басқа да бағдарламаларды жүйелеп жолға қойып, көрсетілім уақыттарын кешкі, кейіннен түскі уақыттарға да қойғызды, бұл да үлкен табандылықтың белгісі деп білемін. Журналисттерден де көңілі толмағаны бар, бұрынғы әкімшіл-әміршіл заманнан келе жатқанжурналистер жаңалық іздеп емес, мақаламда берген жаңалықтан қателеспесем екен деп қорыққан. Хабар дайындауда да, бірі ұлттық нәр-бояу, сезім-сыр береміз деп анайыландырып жіберетін болған. Ұлттық, мемлекеттік салтанаттарды қарабайырлап сан мәрте қайталап көрсеткені де халықты жалықтыра бастаған еді. 

Жайсаң мінезді, жаймашуақ көңілмен алуан түрлі мамандық иелерімен ортақ тіл тауып, игі істерге жұмылдыра білген Камал ағаны сол заманның алып «Продюсері» десем артық етпес.

Қазіргі заманмен салыстырсақ әрине мүмкіншілік көп, себебі қазір тәуелсіздік алған мемлекетпіз. Сонда да, қазір менің ойымша ауру қалса да әдет қалмайтындай көрінеді. Көптеген егемен баспасөз құралдары әлі де өздерін толықтай тәуелсіз сезіне алмайды. Ақпарат, мүмкіндік, идея, әлем қазір ашық. Камал Смайыловтай батыл әрі өз ісіне адал ірі тұлғалар шығатынына әлі де сенемін. 

Тек бір «Қыз Жібек фильмінің шығу тарихының өзі қандай еді. Махаббат, драма, үздік сюжет астарымен қазақтың ұлттық салт-дәстүрін көрсете білді. Кеңес дәуірінің кезінде-ақ бұл үлкен ерлік, политика болғаны да рас. Қаншама ғасыр бойына империялық русьтің тәуелдігінде жүрген күллі қазақ жұртына «Қыз Жібек» фильмі жаңа дем болды. Мәдениетіміз бен руханиятымыздың нығайа түсуіне үлкен септігін тигізген фильмдердің бірі. Күні бүгінде қазақ тарихында ойып алар орны бар, классикаға айналған бұл фильм ел есінде.Кеңес билігіне Мәскеуге осы сюжетті мақұлдауға апарарда, негізгі идеяны осы астары арқылы көрсете білгені, өте ақылды шешім деп ойлаймын.

Халықты, оның ішінде қарапайым қазақ көрерменін ойландыратын, салиқалы сабырға келтіретін хабарлар мен жүргізушілерді эфиргешығарған. Қазақтың ойын оятып, рухын жігерлендіріп, сана-сезімін дамытып, көкжиегін кеңейтетін хабарларды қолға алған Камал аға дара тұлға еді…


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз

Пікірлер