Өлең, жыр, ақындар

Әмір Темір

Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең үлкен қолбасшылардың бірі. 1336 ж Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны иелігіне алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқандта. Әмір Темір өте діндар, білімді, білікті қолбасшы, тегеурінді саясаткер болған. Орталық азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темірдің есімімен тығыз байланысты. Ол ғылымға және ғалымдарға лайықты құрмет көрсеткен.

Әмір Темір билік еткен жерлер

Әмір Темір ұстанған қағидалар:

1- Құдайдың дінін жаюды мақсат тұттым.
2- Досқа да дұшпанға бірдей мәміледе болдым.
3- Ғалымдармен ақылдасу арқылы көптеген жетістіктерге жеттім.
4- Заңдарға құрмет етуді және заңмен жүруді орнықтырдым.
5- Қолбасшы және әскерлерімді күшті күйде ұстау үшін алтын және басқа да құндылықтарды оларға пида етуден тартынбадым. Майдандарда үнемі әскерлерімнің жанында болып, осының салдарынан 27 өлкенің билеушісі болдым.
6- Әділеттік және бейтараптық арқылы мұсылмандарға жақсылық таратушы болдым, және олардың да жақсылықтарын көрдім. Әлсіздерді залымдардың қолынан құтқардым. Кедейлерді тойғыздым.
7- Сейидтерге, ғалымдарға және тарихшыларға ерекше назар аудардым, жақсы мәміледе болдым. Жақсы және ержүрек адамдармен дос болдым.
8- Раббымның маған ашуы түспесін деп, ешкімге қысым және ашуымды көрсетпедім.
9- Халықты басқаруға мемлекет билігіне олардың сенімін алған адамдарды ғана тағайындадым.
10- Достарым менімен дос болғанына ешқашан өкінбеді. Дұшпандарыма да жылы шырай көрсеттім.
11- Адамдармен дәрежесіне қарай сөйлесетінмін.
12-Тоқтамыс ханмен болған соғыста оның қолбасшылары бізді әскерлеріңнің қатарына ал деп келді. Ертең маған да қиянат жасауы мүмкін екенін ойлап, сендер сатқынсыңдар деп оларды қабылдамадым.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

**** *** ***

Әмір Темір Бұхараға сапар шегуден бұрын Түркістанға келіп хазреті Қожа Ахмет Яссауидің қабірін зиярат етеді және сол аймақтағы кедейлерге ас-нан таратады. Нәзір–нияз жасап, жорыққа шығу үшін құдайдан бір ишарат күтеді. Түсінде хазреті Ахмет Яссауиді көреді. Оған: «Ей жігіт! Бұхараға тез бар! Құдай қаласа ол жақта саған жеңіс нәсіп болады. Сенің басыңнан көп оқиға өтсе керек. Ол жақтағы адамдар да сенің келуіңді күтуде» деп бұйырады. Әмір Темір оянғанында бұл сүйіншіге қатты қуанып, құдайға шүкір етеді. Ертеңіне Түркістанның әкіміне көп ақша беріп, Ахмет Иассауидің қабіріне көрнекті, зәулім кесене тұрғызуын әмір етеді. Әкім айтылғанындай етіп әдемі кесене салдырады. Кесене қазіргі күнде де бүкіл кереметімен бой көтеріп тұр. Бұл кесене Түркістандықтар (түркі тектес халықтар) және Еділ-Орал түріктерінің Хижаздан кейінгі зиярат етілетін ең қасиетті діни орынға айналды. Түркістан өлкесі(түркі тектес халықтар) және ескі Алтын орда топырақтарындағы бай түріктердің жаназаларын Ахмет Яссауи кесенесінің айналасына көму әдеті 1921 ж коммунист басқыншылығына дейін жалғасып келді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Элеонора

Коммунист басқыншылығында түркістан өңірінде көптеген ғимараттар, тарихи ескерткіштер жойылды ғой... Көбіміздің білетін түркістан мошасы осыған мысал бола алады, біз естімеген талай дүние бар гой

Темур

Әмір Темір ұлы қолбасшы!

Мұхтар

Шынымен өзі туралы жазғаны шын ба екен? Болмаса біздікі сияқты өзін өзі мақтап жаза берген ба?

Жандос

Ұлты кім болған?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз