Өлең, жыр, ақындар

Татулық тірегі

Қазіргі таңда дін саласындағы мәселелер үлкен маңыздылыққа ие болуда. Діни саланы реттеу әлемдік тәжірибеде түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдар мен бүгінгі күнге дейінгі діни бірлестіктердің жалпы статистикалық мәліметтеріне талдау жасалынған. Сонымен қатар, ең алғаш 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңы өз күшін жойып, 2011 жылы 11 қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы қабылданған болатын. Бұл заңнның қабылданып, өз күшіне енуі елдегі діни бірлестіктер қызметінің ахуалының біршама өзгергендігін көрсетеді. Және де бұл заң аясында діни бірлестіктерді тіркеу, қайта тіркеу рәсімдері мен қызметтерін реттеу негізі болып табылады. Сонымен қатар, зайырлы мемлекет ретінде, мемлекет діни бірлестіктердің ішкі істері мен ережелер мәселесіне араласпайтыны және де ар-ождан бостандығы үшін жағдайлар тудыратыны айтылып өткен. Дегенменде, мемлекет діни бірлестіктердің мазмұндық және қоғамдық қызметін реттеп, бақылап отырады, заңдар мен мемлекеттің мүдделерін сақтауын талап етеді.

Қазақстан Республикасы көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет болып табылады. Елімізде 18 конфессияны қамтитын 3877 діни бірлестік тіркелген. Олардың ішінде саны жағынан ең көбі – ханафи мазхабындағы мұсылман мен православ христиандар. Сондай-ақ католиктер және протестанттар конфессиялары, иудейлер, буддашылар және басқа да діни қауымдар бар.

Қазақстанда түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі үшін қажетті құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалған, конфессияаралық қатынастарды үндестіруге бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптасты. Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде орнықтыра отырып, адамның дін бостандығы құқығының сақталуына үнемі көңіл бөліп отырады. Қазақстан қазіргі таңда күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың қасиетті ордасы екенін әйгілі етті. Дін еліміздегі бірліктің рухани тірегі болып,халықтың ынтымағы мен тыныштығы үшін қызмет ететін өзінің негізгі міндетін мінсіз атқарғанының нәтижесінде Қазақстан осындай биіктерге қол жеткізгені анық.

Көп ұлт пен ұлысты және әртүрлі конфессияларды құраған зайырлы мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі – халықтың рухани сұранысына жауап беретін діни құндылықтарға көңіл бөле отырып, осы салада келелі қызметтер атқару.

Әл-Фараби атындағы ҚҰУ www.kaznu.kz  дінтану мамандығының 4-курс студенті А. СЕИТНҰР

Аға оқытушы У. ТУНГАТОВА


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз