Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан Республикасындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі

Мектеп бітіргеннен кейін түлектер алдында олардың өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі - оқу орнын таңдау тұр. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кімболғысы келетінін өзі үшін шешуі керек.

Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекшіжоғарғы оқу орны, сондай –ақ еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстан Республикасындағы үздік жоғары оқу орындарының бірі. 1934 жылдың 15 қаңтарында іргетасы қаланған университет – қазіргі таңда 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан ЖОО бастырейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихындабірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, ТМД-ның «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктеріүшін» сыйлығының дипломаты болды. Тек елімізде ғана емес, басқа елдерде де танылған. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-дарынан жалғыз болып QS «WorldUniversity Rankings» халықаралық бағындырды. Аталмыштопқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) енді.

Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.

ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттерменынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негіздемагистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік етутәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекшіҚазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.

Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие.

Сондай-ақ университеттің оқу өмірінен тыс толық қанды өмір де бар. ҚазҰУ-да 6-ға жуық студенттік ұйым жұмыс істейді, олар түрлі тақырыптық бағыттармен, көркем қызығушылықтан бастап, ғылыми жобаларды құрумен аяқталады. Әрбір ұйымда өзіндік ерекше шығармашылық атмосфера бар. Оларға кіреотырып, сіз көптеген жаңа таныстар, эмоциялар және, әрине, жаңа білім аласыз.

Қорытындылай келе, 1934 жылдан бастап университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымалкомпанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етеді.

Бүгінгі талапкер – тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесін қосар ертеңгі ел азаматы. Осындай білімордасында оқу- әрбір түлектің арманы десек қателеспейтін шығармыз. ҚазҰУ www.kaznu.kz әрбір студентке сапалы білім, естен кетпес студенттік өмір, керемет мүмкіндіктер сыйлайды. Мен осы білім ордасында оқып жатқаныма өте қуаныштымын және талапкерлерге, болашақ түлектерге де дұрыс таңдау жасауға кеңес беремін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Куан Асылхан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз