Байбекұлы Әйтеке би (Айтық) (1644—1700) — қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі — Кіші жүздің Әлімұлы тайпасынан.
“Ұлықбек” және "Тіллә-қари" (Алтынмен апталған) медреселерінде оқып дін, құқық, астрономия, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шығады. Тәлім алған Әйтеке әуелі атасы Ақша ханның, атасы өлгеннен кейін ағасы Жалаңтөс бахадүрдің тәрбиелерінде болып, ел басқару істерінің қыр сырымен танысады. Сөйтіп жиырма бір жасында бүкіл Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарқалпақ, кұрама жұртының бас биі болды. Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады.
Бір жағынан Қытай, бір жағынан Жоңғар, енді бір жағынан орыс патшалығы қазақ жерін торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би, Төле би және Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласып қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан. Жоңғарлармен болған соғыстарда қол бастап ерліктерімен танылған.
Әйтеке би үш жүзге озық, алғыр және терең ақылымен, тапқыр да ділмәр шешендігімен, әділ және түзу билігімен белгілі болған қоғам қайраткері. Билікті мақал-нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп кесек-кесек сөйлейтін өте әділетті, білгір би болған. Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен жырлар да кеңінен тараған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі