Өлең, жыр, ақындар

Қара шаңырақ ҚазҰУ - талай арман орындалған тарихи мекен

Қазақтың талай дарынды азаматтарының басын қосып, біртуар азамат қылып тәрбиелеген қара шаңырақ – ҚазҰУ екені айтпаса да белгілі. Тарихы тереңге бойлайтын, түлектері еліміздің дамуына аянбай еңбек ететін университетіміздің бүгінде жеткен жетістіктері де аз емес. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылы 15 қаңтарда іргесі қаланғаннан бастап Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына оразан зор үлес қоса отырып, білікті мамандарды даярлауда көшбасшы болып келеді.  

Алатау бөктерінде орналасқан Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне арман қуып келген студенттер яғни, біздерге барлық жағдай жасалған. «Студенттер қалашығы» аталғандай-ақ, алып Алматы шаһарының ішіндегі шағын қалада өмір сүріп жатқандаймыз. Өзіндік ішкі аурасы, жеке тәртіп, жарғысы, қызмет көрсету орталықтары мен студенттік кешендері бар. Бүгінгі күні университетімізде 20 000-ға жуық студент білім алады. 15 факультеттен тұратын университетте 3000-ға жуық профессор-оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді. Осылайша 90 жылға жуық тарихында «үздік» деген ұғымды қалыптастырып, сол тұғырдан түспей келе жатқан ҚазҰУ –бәсекеге қабілетті, дарынды студенттерді біріктіріп отырған құтты мекен, сыйластық пен шынайы достықтың мекені.

Мен 2018 жылы ҰБТ тапсырмай тұрып, ҚазҰУ-ға түсуге ниеттендім, әрине соған жету үшін   еңбектендім.Еңбегім еш кетпеді, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тарих,археология және этнология факультетіне грантқа түстім. Бұл мен үшін үлкен жетістік пен болашағымның есігі іспеттес болды. ҚазҰУ маған мүмкіндерді беріп қана қоймай, қоғамға бейімделуді, көптеген дарынды жастармен бас қосқан орта қалыптастырды.2022 жылы магистратураға түстім. Қазір тарих факультетінің 1-курс магистрантымын. Университетте барлық студент, магистрант, докторант үшін де қажетті жағдай жасалған.       Қорытындылай келе, болашақ жас түлектерге айтарым, білімнің қайнар көзімен сусындайтын, қазақ халқының маңдайына біткен тұлғаларды тәрбиелеген қара шаңырақ – ҚазҰУ-ды таңдауға кеңес берер едім. Мен өзім алып жатқан біліміме толық ризамын. ҚазҰУ бүгінде көпке көсіліп айтар мақтаныштарға толы.Ұлттық университетпен өз тағдырын байланыстырған әрбір адам болашағына үлкен сеніммен қарайды және бұл үшін ұлттық университет әрқашан қолдау көрсетуге дайын. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универстетінің 1-курс магистранты Фрунзеқұл Нұржан Есенғалиқызы
Ғылыми жетекші: т.ғ.д.,профессор Жаркынбаева Роза Сейдалиевна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер