Атилланың туған жылы мен жері белгісіз болып қалды. Өте дөрекі түрде оның жасын 448 жылы Аттиланы тек сұр түсті сақалы бар адам ретінде сипаттаған Паниский Прискінің куәгерінің айғақтары негізінде анықтауға болады. 448 жылы Акацсирлер арасына билік етуге жіберген Атилланың үлкен ұлының жасы соншалық, оған қолбасшы Онегесий тұлғасында қамқоршы керек болды. Мұның бәрі Аттиланың V ғасырдың бірінші онжылдығында дүниеге келгенін болжайды.
Атилланың әкесі Мундзук ғұндардың патша әулетінен болған. Оның ағалары Октар (немесе Оптар) және Руа (сонымен қатар Роас, Ругила, Руга, Роил) ғұндардың көсемдері болды[10]. Приск олардың төртінші ағасы Ойварсиусты да атап өтеді. Мундзук туралы оның болашақ көсемдер Аттила мен Бледаның әкесі болғанынан басқа ештеңе белгілі емес. Оптар Сократ Схоластиктің «Тарихында» ғұндардың көсемі ретінде атап өтілген, ол 420-жылдары Рейн бойында бургундтармен соғысып, тойымсыздықтан өлген.
Аттиланың мінезін Йордан деген тарихшы осылай суреттеді:
Ол өз қадамдарынан мақтанып, көзін мұнда-мұнда қадап, денесінің қимыл-қозғалысымен-ақ өзінің асқақ құдіреттілігін танытты. Соғысты жақсы көретін оның өзі де қарапайым, ақылы өте күшті, сұрағандарға қол жетімді және бір кездері сенген адамдарға мейірімді болды. Сырт келбеті қысқа, кеудесі кең, басы үлкен және көздері кішкентай, сақалы сирек, шашы ағарған, мұрыны жалпақ, жиіркенішті [тері] түсі бар, ол өзінің шығу тегінің барлық белгілерін көрсетті.
Аттила Бледа мен 10 жыл ел билеген кезінде білікті қаһарман қолбасшы ретінде көзге түседі.Ағайынды екі басшы 434 — 444 жылдары ел басқарған тарихшы Д. Б. Бьюри пікірінше Бледа шығысты, Аттила батысты билеген дейді.
Просперий Аквитанскидің жазған еңбектерінде Аттила 444 жылы Бледаны өлтіріп, билікке жеке дара ие болды деп жазылған.
VI ғасырдағы екінші жартысында өмір мүрген жылнамашы Марцеллин Комит Бледаның өлімі 445 жыл болды десе, «Галь хроникасы» бұл оқиға 446 жылы болған деп топшылайды.
444 жылдан Аттила 453 жылға дейін ғұн империясын жеке дара билеп атын әлемге танытып кеткен.
Атилла 441 — 442 жылдары Византияға жорық жасап, жеңген.
Ал 447 жылғы ІІ жорығы сол кездегі Византия императоры Кіші Феодосидің ғұн елінен қашқан қашқындар мен Атилланың салығын төлемеуі себеп болады. Осы соғыста Аттила Марцеллин Комитіің жазуынша «Аттила Европа әскерлерін шаңша үйіріп, талқандайды." Византия императоры 2100фунт(952 килограмм) алтын төлеп, Дунайдың төменгі сағасындағы Дакия жерін беріп зорға құтылады
Осы ІІ жорықтан соң ғұн ордасына елші ретінде Приск келеді, Аттила, ғұндар өмірі, салт — дәстүрі туралы құнды деректер қалдырған.
448 — 450 жылдары Византия мен арада бейбіт келісім орнайды. Және-де осы жылы Аттила үлкен ұлы Эллакты Қара теңіз аймағына билеуші етіп, тағайындайды.
449 жылы Византиялық елшілер Анатолио мен Номудың арқасында Аттила Дунай өзені аймаңындағы жерлерді Византия империясын қайтарып, береді. Присктің айтуынша «Аттиламен арадағы түсініспеушіліктер доғарылады».
451 жылы 7 сәуірде Мецті ғұндар басып алып, қиратты, Триер, Кельн, Реймс, Тонгер, Троя қалалары да құлады. Аттила Галлияның орталығындағы Орлеанға жақындап, оны қоршауға алған болуы мүмкін. Егер ол қаланы алған болса, Галлияның батысындағы вестготтардың Тулуза патшалығының иелігіне еніп, көпірлер арқылы Луарадан өте алар еді. 14 маусымда, Әулие Аннианның өміріне сәйкес, қала қабырғаларын қошқарлар тесіп үлгерген қиын сәтте, римдік қолбасшы Аэций мен вестгот патшасы Теодориктің біріккен әскерлері Орлеанға көмекке келді.
Аттила кері шегінді Каталаун өрістеріне (Орлеаннан шығысқа қарай 200 км-ден астам), Сенаның оң жағалауына өтіп, мүмкін Тройе қаласында[54]. Трояның солтүстігінде, қазіргі Шампан провинциясындағы кең жазықта жалпы шайқас болды, оның нақты орны мен күні белгісіз. Тарихшылар шайқас күнін 451 жылдың маусым айының аяғынан шілде айының басына дейін ұсынады. Үлкен қырғынның нәтижесінде екі жақ та ауыр шығынға ұшырады, король I Теодорик қайтыс болды.Шамасы, Аттиланың әскері бұдан да көп шығынға ұшырады, өйткені келесі күннен бастап ол өзін жан-жақты вагондармен қоршап, бекіністі лагерьге қамады. Бастама готикалық-римдік коалицияның қолына өтті; дегенмен, вестготтардың жаңадан патшасы болып сайланған Торисмунд өз билігін ағаларынан қорғау үшін бірінші болып әскерін ұрыс даласынан Тулузаға шығарды.
Содан Аттила ешкімге кедергісіз соғыс алаңын кедергісіз тастап кетті. Ол аман қалған әскерлерді Дунайдан әрі қарай басқарды, одан кейінгі 452 жылы ол Италияның солтүстігіне шабуыл жасады.
452 жылы жазда Аттила Италияға өз ордасы Паннония тұсынан, Альпы жоталары арқылы шабуыл жасады. Бірінщі Венетия провинциясындағы Аквилея қаласын қоршады. Бұл қала сол кездегі Адриат жағалауындағы ең ірі қала болатын.
Иорданның жазуы бойынша «ұзақ әрі күшті қоршаудан кейін, Аттила ешнәрсе істей алмады, өйткені қала ішінде мықты қаруланған рим әскері тұрған еді, ал өз әскері болса кетуге ынтазар болып, тұрған еді " деп жазады. Алайда Аттила қоршауды жалғастыру арқылы өз әскеріндегі тас атқыш машиналарымен қала қабырғасын құлатып, жеңісті өз қолына алады.
Венетия аймағының басқа қалалары да түгел ғұн патшасының қолынан жеңіліс тауып, Аттила солтүстік Италяның батыс аймағына өз әскерімен жылжиды.
Аттила өзінің кезекті әйелі Ильдиконы алған кезде 453 жылы тойдан соң мұрнына қанап өз қанына тұншығып қаза табады. Ертесіне азанда Аттиланың шатырына келген ғұндар жылап отқан Ильдиконы көріп, өз көсемдерін жерлеуге кіріседі. Бүкіл ғұндар Аттиланың денесін ортаға қойып қоштасу рәсімін жасап, түрлі ат ойындарын көрсетіп, жоқтау Аттилаға жырын арнайды. Осы күні түнде ғұндар Аттиланы үш табытқа: бірінші алтын, екінші күміс, үшіншісі қатты темірден жасалған табытқа салып, кейбір тарихшылардың пікірінше Тиса өзенінің арнасын бұрып, жерлейді-де қайтадан, өзенді өз, ағысына салып, жерлеу рәсіміне қатысқан құлдарды түгел өлтіреді. Өйткені ол заманда өлі денені қорлау кең етек жайған еді.
Аттиланың қаза табуымен әлемді дүр сілкіндірген ғұн империясы да тарап кетеді. Алдымен бөлінуді гепид королі 454 жылы герман тайпаларымен бірігіп көтерілісті бастап, Аттиланың үлкен ұлы Эллакты Недао өзені бойында өлтіріп, өзін ғұндар империясынан бөліп әкетеді.
Кіші ұлы Эрнак Добруджа аймағына қоныстанып, осылайша тек Аттиланың күшімен біріккен ғұн империясы ыдырап кетеді.
Аттила қаншама қысқа өмір сүрсе-де, тек өзіне тән ұлы адамдар ғана жасай алатын жорық тәсілдерімен, батырға тән мәрттігімен тарихта өшпес із қалдырып кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі