Абылай да Ескелдіні ес тұтқан. Бірде қалмақ басқыншылары жауынгерлерінің жойқындығын, дүбірлі екендігін сезген Абылай сарбаздарына:
— Қыспаққа түскелі тұрмыз-ау, бас көтерер ер азаматты түгел жинаңдар. Осы маңда өзі батыр, өзі мерген, ақылы алғыр, сөзге шешен, елге көсем, ұлы жүз Жалайырының Ескелді атты азаматы бар. Сол батырды алдырып, бір жасаққа қолбасы жасаңдар, — деп нұсқау береді.
Ескелдінің де тепсе темір үзетін, айбынданса, орда бұзатын кезі екен. Абылай хан қолқа салған соң, Ескелді қаптаған жау жасағына тойтарыс беруге бірден аттанады. Қалмақтардың алғы тобының қалың шебіне қырғидай тиіп, бекіністерін талқандап, жеңіске жетеді.
Ескелді бастаған ел қорғаушылар Іле, Бақанас бойында да жоңғарлардың жойқын күшіне қарсы шығып, қаскөйлерді кейін ығыстырып, елі мен жерін азат еткен. Қабанбай батырдың жауынгер тобына қосылып, жоңғарлардың есін жиғызбай қатты соққы беріп, шекарадан асыра қуған. Іле өзенінің солтүстік жағалауы мен Балқаш көлінің бойындағы, Текелі тауы мен Қапал қырындағы жоңғар шапқыншыларын талқандауда да Ескелді бастаған сарбаздар ерлігімен танылғаны есте сақталған шежірелердің арқауына айналған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі