Абылай хан болып тұрғанда бірнеше батырларымен жолға шығыпты. Соның ішінде Абылаймен тетелес ораздың немересі Сапақ бірге шығыпты (Ораздан — Қожагелді, Қожагелдіден — Сапақ).
Сапақ жүрген жерінде:
— Менің ұлы атам Абылайға жолдас болып Түркістаннан келген. Мен де атамның жолын қуып ханның жорығына еріп жүрмін, — дейді екен.
Оған жұрт:
— Ораз Абылайды елінен, жұртынан безіп, қиын жерде жанын қиып жолдас болған екен. Сен атаңның жолын қуа аласың ба? — десе, Сапақ мақтанып:
— Неге болмайын, болам, — дейді екен. Көпшілік «осыны бір сынайық» деп жүріпті.
Бір күні қоналқы жерде қатты жауын болып, ас пісіретін отын болмай тарығыпты. Сонда біреулер:
— Мына жерде мола бар, соның ағашын алайық, — депті, — қараңғы түнде моланың ағашын кім бұзады, оған ерлік етіп кім барады, мына
Сапақ болмаса, — депті.
Сапақ:
— Несі бар, мен барам. Атымды ұстарға біреуің еріңдер, — депті.
Мана мазақтап жүрген көпшілік «мұны бір сынайық» деп күні бұрын молаға бір адамды жасырын жіберіпті де, оған: «сен жасырынып жатып, моланы бұза бергенде тұра ұмтыл!» — депті.
Айтқанындай қасына жолдас алып Сапақ молаға келіпті де, атын жолдасына ұстата салып моланы бұза беріпті. Ар жағында аңдып жатқан адам Сапаққа тұра:
— Бардың малын алдыңдар, қырғыз, қалмақтың жа- нын алдыңдар, енді менің моламды неге бұзасың, — деп ұмтылыпты.
Сонда Сапақ:
— Өлі сен түгіл, тірі Абылай қоста аш жатыр, — деп қарсы ұмтылғанда, ана адам:
— Ала бер, ала бер, — деп тура қашыпты. Сапақтың атын ұстап тұрған адам о да қорқып, Сапақты тастап анадай жерге барып тұрыпты. Сапақ керегінше отын алып қайтыпты.
Ертеңінде мұны Абылай естіпті. Сапақты шақырып алып:
— Батыр аңғырт болатын, сен жүректі батыр екенсің. Бірақ жау тұра қашпайды, жүрекпен бірге амал да, айла да керек, — депті.
Абылайдың «Қанды қарағай қан болды, жол болды» деп ат беруі
Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы (ІІ нұсқа)
- Ескен Елубаев
- Дмитрий Иванович Писарев
- Мишель де Монтень
- Платон
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі