Қазақстанда қазіргі экология және қоршаған ортаны қорғау , экологиялық құқық және экологиялық мәдениет мәселелері аса өзекті болып тұр. Еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенің көпшілігі біле бермейді! Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік экология рейтингінде 133 елдің ішінде 70-інші орында тұр.
Өлсе өлер табиғат ,адам өлмес ,
Ол бірақ қайтып келіп ,ойнап-күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма , ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей ,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.
Абай Құнанбайұлы
Ақын бұл өленіңде көңілін мұң басып , қайғы шеккен кезеңіндегі өмір мен өлім , табиғат пен адам хақындағы ойлы толғаныстарынан елес береді.
Экология-келешектің ең маңызды ғылымдарының бірі-деген ойды әлем ғалымдарының көпшілігі барған сайын мойындай түсуде.
Экология-тірі табиғаттың бір бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым.
О , табиғат!
Хауанадай кәрі анам!
Орманыңа өзге көзбен қарағам:
Зәулім-зәулім перзенттерің болмаса ,
Орта бойлы ұлдарыңның бәрі аман.
Менің өзім зордан емес , борданмын ,
Зор боп тусам , мен де саған қорғанмын.
Қадыр Мырза Әли
Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. 1866 жылы экология терминін ғылымға енгізген неміс биологы Геккель Эрнст. Геккельдің анықтамасы бойынша : «Экология деп ,біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді-жануардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен ,әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысымын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қостастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз». Э. Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерттеу аясын , мазмұны мен мақсат- міндеттерін кеңейте түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып адамзат , қоғам , табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналады. Көне грек тілінен аударғанда «экология» сөзі «үй» немесе «мүлік» деген мағына береді. Экологтар , экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екенін айтуда.
Экологиялық құқық- айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Табиғат байлығы – ортақ байлық , ата-бабалардан кейінгі ұрпаққа мұра болып қалады. Экологиялық құқықтың мәні :адам ,қоғам ,табиғат арасындағы гормониялық байланысты және таза қоршаған табиғатты , келешек ұрпаққа қалдыру.
Адам мен табиғаттың үндестігі экологиялық мәдениеттің негізін құрайды. Экологиялық мәдениет— жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі ,экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады. Экологиялық мәдениеттің бұл маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты , сондықтан адамның атмосфера ауасына , табиғи суларға , жердің топырақ жамылғысына , өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қарекетінің санитариялық- экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді.
Табиғаттан қол үзу де бір-қайғы.
Күйбен тірлік қызығыңды ұрлайды ,
Банкеттегі хрустальдің сыңғыры
Жапырақтың сыбдырына тұрмайды.
Жырға құмар көмекейім сырнайлы
Газды суды ішсем болды құрғайды.
Шоколадтың ең тәуірі
Тоғайдан
Теріп жеген бір жидекке тұрмайды.
Он флакон әтіріңіз
Бір уыс
Көк жуасанның жұпарына тұрмайды!
Жасыл Ел-жастар тірегі
Қазақстан-жас мемлекет. «Жасыл Ел»-Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық ,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы жас ұрпақты тәрбиелей отырып ,өз еліне деген сүйіспеншілігін туғызды. Жасыл ел бағдарламасы тек қана табиғатты қорғау ,экологияны сақтау ғана емес ,жастарды еңбекке баулу. . Бағдарлама аясында көптеген жастар үлес қосты. Жасыл-Ел отрядттары алаңдар мен саябақтарда ,жол бойына көшет ағаштарын отырғызумен айналысады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі