1981 жылы 21 жасар Израильдік саяхатшы Йосси Гинсберг Амазон тропиктік джунглиінде жоғалып, үш апта бойы тамақсыз, қауіпті жәндіктер мен жануарлар арасында, өз өмірі үшін күресуге тура келді. Өз жолында Йосси ягуарлар, улы жыландарды кездестірген. Оның осы ерлігі туралы "Netflix" 2017 жылы кино шығарып, бүкіл саяхатты кинопленкаға түсірді.
Йосси Гинсберг сапар алдында
Амазон джунглилерін көру Йоссинің бұрыңғы мақсаты болған. Сондықтан ол отанында әскери дайындықтан өткен соң, біршама ақша жинап, Оңтүстік Америкаға сапарға шығады.
Жол барысында 21 жасар жігітке тағы екі адам қосылды: Маркус Стамм, Швейцариялық мұғалім, және Кевин Гэйл, Америкалық фотосуретші. Боливия еліндегі Ла Пас қаласында саяхатшылар тоқтап, жергілікті жерді аралаған кезде, олар Австриялық Карл Рупрехтерді кездестірді. Жігіттерге ол өзін Амазонға алтын іздеуге бара жатқан геолог ретінде таныстырды. Йосси оған сеніп, өзімен бірге алуын сұрайды.
Саяхат басталғанда, төрт адам Асариамас өзеніне көтеріліп, Амазонканың белгісіз аймақтарына барды. Бірақ азық-түлік таусылғандықтан, олар бірте-бірте әлсірей бастады.
Жігіттердің жағдайы тіптен нашарлаған соң, оларға маймылдарды өлтіріп, жеуге тура келді.
Ақырында топ өз сапарын тастап, оралуға жол іздестіргенде, топ екіге бөлінді. Рупрехтер мен Стамм жаяу қайтуды көздесе, олармен ұрысып қалған Гинсберг пен Гэйл су арқылы, жасанды салмен қайтуды көздеді.
Көп ұзамай Гинсберг пен Гэйл үлкен мәселеге тап болды. Өзен ағысы сарқырамаға жақындаған тұста күшейіп олар салды басқара алмай қалды. Гейл жағаға жеткенде, Гинсберг басын судан жоғары ұстауға тырысып жоғары ағыспен жүзуді жалғастырды. Судың күші Гинсбергті жарты сағат бойы сүйреп жүрді. Әйтеуір дегенде Гинсберг жағажайға жеткенде, Гэйл екеуі бірін-бірі жоғалтқандарын түсінді. Бес күннен кейін Гэйлді жергілікті балықшы көріп, құтқарды. Ал Гинсберг болса джунглиден үш апта бойы шығу жолын іздейді.
Осы уақыт ішінде Гинсберг үлкен қауіптерді кездестірген. Оның бірі — ягуар. Түнде жыртқыш мысық пен саяхатшы бетпе-бет кездеседі. Осы кезде Гинсберг Джеймс Бонд фильмінен алынған қулықты пайдаланды, шыбын қуатын спрейдің алдына шақпақ қойып, ягуарды отпен қорқытып жібереді.
Саяхаттың соңына қарай ол әйелді кездестірді. Саяхатшының айтуынша ол әйелмен үнемі сөйлесіп тұрған, алайда ол жауап бермеген. Гинсберг олар екеуіне ұйықтайтын жер салып, әйелге орын қалдырды. Бұл әйел галлюцинация болған. Әйел кенет жоғалып кеткенде, 21 жастағы жігіт оны есінен танып қалды деп алаңдаған.
Көп ұзамай ол қайықтың дауысын естиді. Құтқарылған Кэвин Гэйл құтқару (іздеу) операциясын ұйымдастырып, құтқарушылар тобымен бірге Йосси Гинсбергті тауып алады.
Ал саяхаттың басқа қатысушылары, Рупрехтер мен Стаммды әшкім таба алмады. Кішігірім зерттеу нәтижесінде Рупрехтер жігіттерді алдап шыққаны анықталды. Ол ешқандай геолог емес, жігіттер барған жерде ешқандай алтын болған жоқ. Шын мәнінде Рупрехтер ИнтерПол іздеп жүрген қылмыскер болып шықты.
Осыдан кейін Йосси АҚШ пен Аустралияда өмір сүріп, кәсіпкерлікпен айналысып мотивациялық спикер болып жұмыс істеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі