Амазонка-әлемдегі ең үлкен тропикалық орман. Ол тоғыз мемлекеттің (Бразилия, Перу, Колумбия, Венесуэла, Эквадор, Боливия, Гайана, Суринам, Француз Гвианасы) аумағында орналасқан.Амазонка орманының көлемі 6,5 миллион шаршы шақырымды алып жатыр. Ұлан-ғайыр аумақта өсімдіктер мен жануарлардың миллионнан астам түрлері мекендейді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша,Амазонка орманында 400-500 жабайы тайпалар мекендейді.Олардың шамамен 50-ге жуық тайпасы ешқашан сыртқы әлеммен байланыспаған .Дегенмен, кейбір жергілікті тайпалар заманауи өмір салтын амазониялық өмірмен үйлестіріп,тұрмыс-тіршілігін жалғастыруда.
Амазонкада жеміс ағаштарының 3000-нан астам түрі бар,ал батыста бар болғаны 200-ге жуық.Сонымен қатар, өзенінің жағасында 800-ге жуық пальма түрлері өседі.
Амазонка тропикалық ормандарында жаз, қыс, күз ,көктем сияқты мерзімдік маусымдар болмайды.Орманда жыл бойы жаңбыр жауады. Жаңбырлы маусымда су қоймасының ені елу шақырымға жуық ұлғаяды.
Амазонка тропикалық орманы-өзінің фаунасы мен флорасының байлығымен таң қалдырады. Орманда өсімдіктердің 40000 түрі ,балықтың 3000 ,құстардың 1294 ,сүтқоректілердің 427 ,қосмекенділердің 428 , бауырмен жорғалаушылардың 378 түрі және көптеген омыртқасыз жануарлар кездеседі . Олардың көпшілігі әлі толығымен зерттелген жоқ.
Жасыл анаконда амазонка өзеңінде мекендейді.Жасыл анаконда-әлемдегі ең үлкен жылан,оның ұзындығы 9м құрайды.Ол адамды азық ретінде қарастырмайды ,бірақ,ересек адамды оңай өлтіріп жіберуі мүмкін.
Амазонка сирек кездесетін көптеген балықтардың мекені. Онда ұзындығы 4 метрге жететін, салмағы 500 келіге жететін қызғылт дельфиндер мен алып бұқа балықтарын көруге болады. Сонымен қатар, өзен суында ірі жануарларға шабуыл жасай алатын ұстарадай өткір тістері бар атақты пиранья балықтары кездеседі.
Амазонка өзенінің 4000 м тереңдігінде ең үлкен жер асты өзені ағып жатыр.2011 жылы ғылыми қоғам Бразилияда жер асты өзенінің ашылуы туралы жаңалықты қызу талқылады. Нысан 45 жыл бойы Амазонка табиғатын зерттеген ғалымның атымен “Хамза “бейресми атауын алды.Хамза өзені 4 км тереңдікте орналасқан;ені 400 км, ал ұзындығы 6 мың км-ге жетеді;батыстан шығысқа қарай Амазонкаға параллель ағады;Атлант мұхитына құяды.Оның Амазонкадан айырмашылығы, Хамзаның суы тұзды.
Амазонка орманын “ғаламшарымыздың өкпесі”деп атайды.Себебі,Жер шарындағы оттегінің 20%-ын осы орман өсімдіктері түзеді екен.
Дәрілердің 25%-ы осы орман өсімдіктерден әзірленеді. 2011 жылы өткен халықаралық бәйге нәтижесінде Амазонка әлемнің жеті кереметінің бірі деген атақ берілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі