Өлең, жыр, ақындар

Антарктида жайлы таңғажайып 10 дерек

Антарктида – сырлы әрі ғажайып мекен. Жеті құрлықтың ішінде адамдардың мекендеуіне ең қолайсызы болғандықтан ең аз зерттелген құрлық. Назарларыңызға ол жайлы 10 ең қызықты деректі ұсынамыз. 

10. Оның көлемі әрдайым өзгеріп отырады

Антарктиданың көлемі өзгеріп отырады

Антарктидада теңіз мұзының қабаты бір аймақтарында кеңейіп жатса, басқа жағында кеміп жатады. Мұның бір себебі – үздіксіз жел соғып тұруында. Мысалы, жел солтүстіктен соғып тұратын болса, құрлық оңтүстікке қарай кеңейеді.
Мұндай жыл сайынғы ауытқулар әр маусымда болып тұрады. Құрлықтың жалпы ауданы шамамен 11,7 миллион шаршы шақырымды құрайды, әр жаз сайын ол шамамен тағы 2,85 миллион шаршы шақырым мұзбен қоршалады. Қыста құрлық біршама кеңейеді. Оның ауданы 18 миллион шаршы шақырымға дейін жетеді. Бұл сандарды елестету оңай болу үшін – Еуропа құрлығы 9,8 миллион шаршы шақырымды алып жатқанын айта кетейік. Демек, әр қыста Антарктиданың аумағы Еуропаның аумағынан асып түседі.

 

9. Мұзды құрлық ғарыш қоқыстарын жинауға қолайлы мекен

Антарктида

Антарктика – метеориттерді жинауға өте қолайлы орта. Кез келген басқа жерде ғарыштан түскен қара үйінділер жер бетінде көрінбай қалады. Метеориттердің қалдықтарын тастан айыра алмайды, ал кейде тіпті ешкім көрмей де қалады. Өз кезегінде Антарктида – мұз бен қарға оранған аппақ құрлық. Сондықтан оның бетіне құлаған ғарыш қоқысын бірден байқауға болады.
Сонымен қатар, мұзды орта метеориттерді жақсы сақтайды – көптеген табылған заттардың жасы миллион жылға жетеді. Ғалымдардың соларды іздеу үшін сапарлап келетіні де сондықтан. Антарктидаға метеорит іздеу мақсатында жасалатын саяхаттардың шығыны өзгелермен салыстырғанда аз. Ал Еуропа мен Америкадан іздеу игі іс емес. Бұл деректі мына бір мысалмен дәлелдей аламыз: 1976 жылдан бері АҚШ ғалымдары метеориттерді іздеу бойынша бағдарламалардың аясында Антарктидада 16 мың данасын тапқан.

 

8. Жыл сайынғы марафондар өткізіліп тұрады

Антарктидада марафондар

Тұрғылықты халықтың жоқтығы Антарктидада спорт жарыстарын өткізуге кедергі келтірмейді. Элсуэрт базасында 2004 жылдан бастап ерекше марафондар өткізіліп келеді. Қатысушылар Оңтүстік Америкадан жеке ұшақпен ауа температурасы -17°С -12°С аралығында болатын жерге ұшып келеді. Ал желдің жылдамдығы секундына 5-12 метр. Бұл – спортшылар өткеретін көп кедергінің бірі ғана. Айтпақшы, марафон теңіз деңгейінен орташа 1000 метр биіктікте өтеді. 
Термостағы шайыңыз бірнеше минутта суып кетпеуін қаласаңыз – жеңілірек саналатын Мак-Мердо жарысына қатыса аласыз. Бұл жарыс Росса теңізіндегі мұзды қайраңында өтеді. Бұл марафонға «Мак-Мердо» (Америка Құрама Штаттары) ғылыми зерттеу орталығының жұмысшылары қатысады. Алайда мәреге барлығы бірдей жете бермейді – ауа райын болжау қиын, тіпті жазда да, сондықтан ауа райына тікелей байланысты.

 

7. Мұнда туристер келіп тұрады

Туристер антарктидада

Антарктикада экстремалдық туризмге мүмкіндіктер мол. Поляр шеңберін кесіп өту, пингвиндер отарын қиып өту, құрлықты зерттегендердің жолымен жүру, су астына түсу, ғылыми-зерттеу бекеттерін аралау және т.б. Бірақ мұның бәрін Антарктикалық түбекте жасауға болады. Онда салыстырмалы түрде климаты жылылау, ал жылына Денверде сияқты жауын-шашын жауады. Оны құрлықтың басқа бөлігімен салыстырып, қалжың түрде тропикалық деп атайды. 
1300 шақырымға жалғасқан бұл түбек шалғай солтүстікте орналасқан және құрлықтағы ең ылғалды аумақ. Мұнда, тамаша қысқы әсем көріністің ортасында пингвиндер, итбалықтар мен жануарлар әлемінің басқа да өкілдері мекендейді. Әр жазда круиз лайнерлері Антарктикалық түбекке шамамен 35 мың туристі жеткізіп отырады. Әрине, бұл танымал курорттармен салыстырғанда әлдеқайда аз, бірақ бұл сапар экзотикалық болып саналатынын ұмытпауымыз керек.

 

6. Антарктида әлі де зерттеуді талап ететін мекен 

Антарктида әлі де зерттеуді талап ететін мекен

Британ капитаны Джеймс Кук 1772 жылы поляр шеңберіне жүзіп барғанда жерді көре алған жоқ, бірақ орасан зор айсбергтер мен өте төмен температура қоршаған ортаның қаһарлы екенінен хабар берді. Зерттеушілер құрлықты тауып, барлауды 1800 жылдың басында бастады. Осылайша, америкалық капитан Джо Дэвис Антарктикалық түбекке итбалық аулау үшін 1821 жылы аттанады. Бәлкім, жаңа құрлыққа алғаш аяқ басқан адам да сол болар. 
Дегенмен, Оңтүстік полюске 1911 жылға дейін ешкім жете алмаған. Бірінші болып бұған норвегиялық Руаль Амундсен қол жеткізді. Бұған дейін полюске британ Эрнест Шеклтон жетуге тырысқан, бірақ нысанаға 200 шақырымдай қалғанда қайтып оралуға мәжбүр болған. Ағылшын зерттеушісі Роберт Скотт бұл орынға Амундсеннен кейін бір айдан соң аяқ басады, бірақ қаһарлы ауа райынан ол қайтып орала алмай қалды. Үлкен қатер зерттеушілерді тоқтата алған жоқ, құрлықтың көптеген жерлерінде әр елдің тулары тігіліп жатты. Уақыт өте келе олардың саны артты. Осылайша құрлықты жекешелендіру мәселесі көтеріле бастады.

 

5. Антарктидаға бірнеше ел көз тігуде

Антарктида

Әлбетте, жаңа мекендерді ашқан сайын адамдар оны иемденгісі келеді. Бірақ Антарктида – жалғыз ерекше мекен. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ғалымдар құрлықтың қиыр оңтүстігінде жиналып, ғылыми зерттеулерін жүргізеді. Бір кездері жеті ел құрлықтың әр жерін бөліп алғысы келген, бірақ бұл іске аса қойған жоқ. Тек бірнеше мемлекет Антарктиданы өз шекарасына қосуға соңына дейін күресті. 
Үш ел – Аргентина, Чили мен Ұлыбритания – Антарктида біздің жер деп жариялады. Бір бірінің наразылықтарына пысқырып та қарамады. Ал Австралия, Франция, Норвегия мен Жаңа Зеландия шекараның кейбір жерлеріне талаптанды. Бірақ 1959 жылы 12 ел Антарктиданың халықаралық шекара екенін растайтын келісімге қол қойды. Кейін бұған басқа да елдер қосылды. Қазіргі таңда бұл шартқа 51 мемлекет өз келісімін берген. Дегенмен, бұл құжат Антарктиданы иелік еткісі келетін елдердің албырттығын басып қана қойды. Олар әлі де бұл құрлықты иемденуді армандайды.

 

4. Бұл құрлықтың Сахарамен ұқсас жерлері көп

Антарктида

Антарктида – нағыз полярлық құла дала. Ол – жер бетіндегі ең биік (орташа алғанда), ең желді және ең құрғақ мекен. 1983 жылы “Восток” кеңестік ғылыми станциясында Жердегі ең төмен температура белгіленді: -89,2°С. Құрлықтың 98% аумағы әлемнің 70% тұщы су қорын құрайтын мұз қабатымен қапталған. Оның орташа қалыңдығы – 2200 метр, ал Шығыс Антарктикада ол тіпті 4800 метрге жетеді! 
Бұл континентті Сахараға ұқсататыны не? Ең алдымен, өмірге қолайсыздығы және жауын шашынның орташа деңгейі тым төмендігі. Ауа райының суық болғаны сонша, жаңбыр мүлде жаумайды десе болады. Кейбір аудандарда жылына 30 миллиметрден төмен жауын шашын жауады. Кейбір аумақтарда, ғалымдардың айтуынша, жаңбыр миллион жылдан астам уақыт жаумаған.

 

3. Мұнда қанды сарқырама бар

Мұнда қанды сарқырама бар

Құрғақ алқап аймағындағы Тейлор антарктикалық мұздығынан ағатын, қып-қызыл түсті судың ағынын зерттеушілер қанды сарқырама деп атайды. Сарқыраманың мұндай түске боялуы су құрамында темір тотығының көп болуымен түсіндіріледі. Су мұз қабатының кішігірім жарықшағынан атып ағып жатыр. Мұның қайнар көзі 400 метрлік мұз қабатының астындағы өзен екені анықталған. Сарқыраманың өзінен ол бірнеше шақырымға алыста жатыр. Өзен Құрғақ алқапты теңіз суы басқан кезде құрылған. Шамамен 2-4 миллион жыл бұрын су қайтып, ал суайдын мұз қабатымен бүркеліп қалған. Бір қызығы, бұл қайнар көздегі судың ащылығы мұхит суының ащылығынан 4 есе артық. Сол себепті ол –10°C-та да қатып қалмайды. 
Су ағынын зерттеген ғалымдар, тереңде орналасқан өзенде көптеген микроағзалар мекендейтінін дәлелдеген. Олар оттегісіз, сыртқы ортадан алынатын нәрлі заттарсыз және фотосинтезге қажетті күн сәулесінсіз өмір сүре алады. Табылған экожүйе астробиологтарға күн жүйесіндегі өзге планеталарда осыған ұқсас жағдайларда өмір сүретін микроағзалардың болуы мүмкін екенін болжауға мүмкіндік берді. Мысалы, Марстың полярлық бөрігінің астында немесе Юпитер газ алпауытының серігі – Еуропаның терең мұхиттарында.

 

2. Өмір қаһарлы жағдайларға төзудің амалын табады

Өмір қаһарлы жағдайларға төзудің амалын табады

Жұмырт құрт, кене сияқты омыртқасыз айуандар антарктикалық жерде өмір сүре алады, ал жергілікті өзендерде микробтар жетерлік. Кейбір тірі ағзалар қаһарлы суыққа төзуге машықтанған. Температура ең төменге түскен кезде – жасушалар «қатып қалған» сияқты болып, жыбырлауды тоқтатады. Ал жылыған соң олар қайта тіріледі. Фауна өкілдерінің төзімділігі төмендеу, сондықтан ызғырық желден таса, суға жақын аймақтарда өмір қайнап жатыр. Сонымен қатар теңіз түбінде де өмір сүретіндер көп. 
Пингвиндер, итбалықтар, теңіз арыстаны, алпамсадай киттер, кальмарлар мен крильдер – антарктикалық қаһарлы ауа райына шыдап бағатын жануарлардың кейбірі ғана. Сонымен қатар онда дауылпаз, альбатрос, қаратұмсық сияқты көптеген құстар да мекендейді. Қаратұмсықтар экспедиция өкілдеріне көп кедергі келтіреді. Жыртқыш қаратұмсықтар жануарлар мен адамдарға тап береді, қараусыз қалған азық-түліктерді ұрлап әкетеді.

 

1. Антарктида бұрын тропикалық болған

Антарктида бұрын тропикалық саналатын

Ең суық құрлықты зерттеп жүрген зерттеушілердің көпғасырлық мұзды терең бұрғылау арқылы планетамыздың уақыт өте келе қалай өзгергенін болжауға мүмкіндігі бар. Бір таңқаларлығы, ғалымдар бұрынғы заманда антарктикалық жағалауда пальмалар мен гүлдер өскенін анықтаған, ал мұхиттағы су жылы болған. Яғни, шамамен 50 миллион жыл бұрын Антарктида тропикалық аймақ болған. 
Қазіргі кезде Жаңа Зеландияда өсетін ағаштар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары табылған. Сонымен қатар ғалымдар Антарктидада африкалық баобабтар өскененіне дәлел тапқан! Бүгінде бұл континенттің миллион шаршы шақырымы полярлық құла далаға айналған. Бұл болашақта климаттың қалай өзгеруі мүмкін екенін ойландыртады – бәлкім, Сахара жаңа Антарктидаға айналар, ал поляр құрлығының өзі қайтадан жылы, өмір сүруге қолайлы мекенге айналар?

 

Антарктида жайлы мәліметтер ашылған сайын жұмбағы да соғұрлым көп. Бұл таңғажайып аппақ құрлық осы күнге дейін аз зерттелген болып саналады. Қолайсыз ауа райы ғылыми зерттеулер мен экспедициялар жүргізуге қиындық тудырады, бірақ қиындықтар адамзатты тоқтатқан ба еді?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (20)

Аяжан

Мəссаған,қандай қызық.Маған ең қызығы қанды сарқырама мен Антарктида бұрында тропикалық болған дегендері маған өте қызықтық тудырды.
Тіпті, анам да қанды сарқыраманы көріп таң қалды.

Азамат

Антрактида неге суық

Азамат

антрактида неге мұз болады

Аружан

Антрактида жаксы материк.

алишер

кызыкты акпараттар екен маган кызык болганы канды саркырама мен меотериттер

Айда

Антарктида құпиясы мол мекен екен.Мәліметтер керемет.Бұрын естімеген едім.

Ерболсын

неге мұз

жансая

маған ұнағаны қанды сарқырама ж/е тропиктік аймақ антарктика ғажайып сырлы жер .

Гулбахор

антартикада палмо эмило маркос деген адам ягни жалгыз адам дуниеге келген билесиздерме???

тілег

неге бәрі мұз
мүмкін күн шыққанға дейін

Дилноза

Керемет екен

Музаффар

Қызықты кунде кретын болдым

Музаффар

Антрактиданың қүпиясы коп екен

Аяулым

Маған катты ұнады.Антарктида өте қазықты материк екен

Айша

Жарайсын

Сырым

Өте керемет екен көп ақпарат алдым РАХМЕТ!!

Әдемі

Рахмет. Өте керемет

Анар

Мәсаған өте қызық

Аяла

Өте керемет

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар