Естай күні-түні біресе ұялы телефонына, біресе қолындағы дронға шұқшиып, бірнәрсе жасайды да жатады. Әкесі:
- Балам, әкелші андағы нәрсеңді... Көрейін қанша күннен бері шұқылап жатқан, бұл не ғажап екенін? - деді.
- Мінекиіңіз, дрон ғой! Алдында көкем әкеліп берген.
- Бұзылып қалды ма?
- Жоқ, істеп тұр. Тек қалай жасалғанын зерттеп жүрмін.
- Ол неге қажет?
- Болашақта барлық мемлекеттер өздерін тек осындай техникалардың көмегімен қорғайтын болады. Адамдар соғыспайды. Ал менің батыр болғым келеді! Бейбіт күннің батыры болып, ел қорғауға өз ақыл-ойымды, білімімді қосқым келеді!
- Жарайсың ұлым! Мен сені босбелбеу, қара күшке жоқ бала бола ма десем, сен нағыз болашақты ойлайтын азамат екенсің ғой? Мұндай ой басыңа қайдан келіп жүр?
- Жаңалықтан көрдім. Түрік азаматы өз еліне шабуылға шыққан мықты танктерді, дронмен-ақ қирата салды! Адам шығыны болған жоқ! Керемет емес пе?
- Әлбетте, керемет!
- Біз де ядролық қаруымызға сенбей, озық ғылыми-техникалар жасауымыз қажет. Әлем аяқ тартатын, жерімізге көз тігуден қорқатын, дамыған ел болуымыз қажет. Ол үшін әр бала өз машинасын ойлап табуы тиіс.
Әкесі ары қарай ұлының сөзін естімеді. Өзі күніге жұмсап, кейде мақтап, кейде ұрсатын баласы, нағыз ғалым секілді елжірей қарады. Іштей: "бар малымды сатсам да, ұлыма робототехниканы оқытпасам" - деп ойлады.
Ал, балақай! Сен не ойнап жүрсің? Сенің достарың ғылымға бет бұрып жатыр! Жаңалық ашпақшы.. Ел қорғайтын заманауи техника жасамақшы! Сенде қандай арман бар?
Әр бала - болашақ ел азаматы. Ал азаматтарға елін қорғау - парыз!
Гүлмекен Қасенбай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі