Жер-Ана мен Айсауле (көрініс)

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / Жер-Ана мен Айсауле (көрініс)

Жер-Ана мен Айсауле (көрініс) — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — шағын қойылым, мектеп сахнасына арналған қойылым, экологиялық сайыс — осы тақырыптарға байланысты.

Лэд экраннан мектеп ауласы көрсетіледі.​ Ал аулада кішкене ғана оқушы қыз,​ қолына пакет киіп алып, қоқыс теріп жүреді.​ Кенет сахнаға екі ұл бала шығып:

​- Ей, Қоқысгүл! Тағы да қоқыс теріп жүрсің бе? Мә! Мына қоқыстарды да тер - деп,  умаждалған қағаздарды лақтырып кетеді.

Қыз үндемей қоқыстарды жинап, жәшікке тастайды.​ Сосын сәкіге отырып,​ мұңайып,​ көз жасын сүртіп отырады. Осы кезде сахнаға Жер-Ана шығады.​ Ақырын ғана қыздың артынан келіп:

- Айсәуле! Менің бетімді қоқыстан тазартушы алтын қыз?! Сен қандай керемет балақайсың? Ата-анаң сені не деген мейірімді етіп тәрбиелеген?- дейді.

-​ Аа? Сіз кімсіз?

- Мен Жер-Анамын!

-​ Жер-Ана? Сіз тек ертегілер әлемінде ғана емес пе едіңіз?

-​ Жоқ, қалқам! Мен шын өмірде де бармын! Маған қиянат жасаушыларды жазып жүрмін...! Жақсы, қайырымды балаларға беретін сыйлығым мол! Оларды өз жеміс, көкөніс, дәнді дақылдарыммен қуантамын! Оларға ас атасы болған - "Нан"- ды сыйға тартамын! Ал салақ,​ нашар балаларға сыйлық бермеймін- деп отырмын.​ Егер олар өзгерсе, онда​ мен де оларды жақсы көретін боламын!

- Мәссаған..! Ал мен білмеген екенмін..

- Енді біліп жүр! Айсәуле... (мұңайып) менің жүрегім қатты ауырады...!

- Сізде жүрек бар ма?

- Әлбетте..! Мына экранға қарашы...? Адамдар менімен не істеп жатыр..?​ (Экраннан қырқылған орман, өртенген алқап, қырылған киік, балық, аң-құс, соғыс, ашаршылық, жағажайлардағы қоқыс,​ улы жемістер мен дәріленген алқаптар, қырылған жәндіктер көрсетіледі.​ Ар жағынан күй ойнап тұрады.)

- Сұмдық - ай! (Айсәуле жыламсырайды)

- Осындай апат жасаған адамдарға кейде ашуланып,​ мынадай мінез де көрсетемін! (Экраннан түрлі табиғи апаттардың видеосы көрсетіледі.​ Цунами, жер сілкінісі,​ вулкан,​ тау қозғалуы т.т.)

- Өтінемін... Жер-Ана...?! Бізге мұндай апат жібере көрмеші... Қазақ халқы обал-сауапты білетін, аң-құстың киесінен қорқатын халық. Бізге тек мейіріміңді ғана сыйлашы...?!

- Білемін алтын қыз! Бұрын қазақ қандай еді...? Еһ,​ шіркін-ай. Ғажап халық еді-ау?! (Сахнадан қазақ үйлер мен жайлау, мөлдір су, керемет табиғат пен әдемі көріністер көрсетіліп, соңы атом бомбасы жарылған Семей,​ тартылған Арал, қырылған марал көрсетіліп аяқталады...)

- Жер-Ана,​ енді біз саған қандай көмек бере аламыз? Сіз үшін не істей аламыз?

- Егер әр жерге қоқыс тастамасаңдар, өзен-көлдерді, тау мен тасты былғамасаңдар, жақсы бала болсаңдар,​ менің де жарам жазылады.

- Жарайды Жер-Ана! Мен енді тіпті де қоқыс теруді жалғастыра беремін. Өйткені бұл жер​ - менің Отаным! Аяулы Қазақстаным! Мен үшін​ - Жер Жәннаты!

- Бәрекелді! Ақылыңнан айналдым! Ата-анаңа мың алғыс! Онда мен өзіңмен қоштасайын. Бірақ алғыс айтуға келіп тұрамын. 

Гүлмекен Қасенбай
09.01.2020



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер-Ана мен Айсауле (көрініс) деген не?

Бұл бетте Жер-Ана мен Айсауле (көрініс) тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Жер-Ана мен Айсауле (көрініс) материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар шағын қойылым тақырыбындағы материалдар мектеп сахнасына арналған қойылым тақырыбындағы материалдар экологиялық сайыс тақырыбындағы материалдар gumakanapia жариялаған басқа материалдар