«Сөз шеберлері сайысы» бағдарламасы.
"Бар жазғаны даналық боп саналған!"- атты Абай Құнанбайұлы шығармашылығына арналған мектепішілік сайысы.
1-ші мұғалім:
Текті тұқым, шешен рудың тұяғы,
Ана сүті ділмарлықты құяды...!
Әке ісі - жақын қылып халқына,
Ал әжесі - шарықтатты қиялын..!
Оқу-білім санасына шам жақты,
Ғылым оны - атандырды ең жақсы!
Көп ойланып, терең сезіп, түйсініп,
Айналаға маржан ойлар таратты!
2-ші мұғалім:
Даналыққа ғашық болды жасынан,
Шықпаушы еді, жастар ылғи қасынан!
Еуропадан талай кітап алдырып,
Орыс, парсы, шағатайша оқыған!
Құран, хадис, шариғатты зерттеген,
Иман жайын, ихсан жайын екшеген!
Кешегі өткен дана Абайдың ұрпағы,
Бұл сайысты бастайық біз сіздермен!
1-мұғалім:
- Құрметті оқушылар! Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай "Бар жазғаны даналық боп саналған" - атты сөз шеберлері сайысын бастаймыз!
2-мұғалім:
Сіздердің алдарыңызда 6-7-8 сынып оқушылары, шешендік өнердің бір қыры болып табылатын - сөз саптау, ойды сөзбен көркем бейнелеу, анық сөйлеп, жүрекке жеткізе білу өнерлерімен жарысқа түседі! Жанкүйерлер қол шапалақтап, демеп отырыңыздар?!
1-ші мұғалім:
- Ортаға ақын өлеңдерін жатқа оқудан жарысатын үш оқушыны шақырамыз!
(Есімдері)
(Ортаға әр сыныптан бір оқушыдан, үш оқушы шығады. Алғашқы сайыс Абай өлеңдерінен жарыс. Бір оқушы бастайды, екіншісі келесі шумағын айтып, басқа өлеңді жалғайды. Осылай үш оқушы немесе алты оқушы жарысса болады.)
2-ші мұғалім:
Қара сөздің қасиетін терең ұғынған ұрпақ, өздері де бала болса да, дана болады! Ендеше нағыз сөз шеберлерін сахнаға шақырамыз:
(Есімдері)
(Алдымен сынып аралық сайыста, әр сыныптан бір оқушы шығады. Біреуі бір қара сөзді бастайды, екіншісі жалғайды! Сосын ол бастап, қарсыласы аяқтайды. Қысқа қара сөздермен жарысады. Осылай үш сынып арасында жеңімпаздар анықталып, ең көп қара сөз жаттаған бала марапатталады!)
1-ші мұғалім:
Енді Абай атамыздың өмірі баяндалатын шағын көріністермен жарыс жалғасады! Қабыл алыңыздар!
(Үш сынып үш көрініс қояды.)
2-ші мұғалім:
Жүректі тербесін,
Әуезді ән, әдемі!
Осылай танылар,
Абайдың әлемі! - дей отырып, кезекті ән жарысқа берейік!
(Абай әндерінен жарыс)
1-ші мұғалім:
Абай - дана, Абай - дара, қазақта!
Сөз қадірін түйсінбеген қазақ па?!
Жатталсын деп, жас ұрпақтың жадында,
Шығармасын айналдырдық сайысқа!
2-ші мұғалім:
Дана да көп, қазағымда көп ақын,
Әлі талай жұлдыздар көп, жанатын!
Егеменді ел, мәңгі болып тәуелсіз,
Ұрпақ тусын, дәл Абайдай болатын!
Құрметті көрермен, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Кезекті сөзді қазылар алқасына береміз.
Г. Қасенбай
23.01.2020
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі