Тәуелсіздік неше мың елдің мақсаты мен арманы.Тәуелсіз ел болуымыздың жұпар иісін аңсап кеткен тұлғалар қаншама.Тәуелсіздік сөзінде небір құнды ,құнды мән жатыр десеңші? Тәуелсіздік алуға әрбір халықтың тәні мен жаны ,қып-қызыл аяусыз қандар жаңбырша төгілді.Қазіргі күні батыр аға,әкелеріміздің арқасында арқайын туған жерімізде шалқып өмір сүріп жүрміз.
Қазақстан елі де өз тәуелсіздігін қиындық пен жауапсыз қан төгіспен алды.Өмірден озған аға,әпкелеріміздің отбасылары қайғыдан қан жұтты.Алматыда қазақтың батыл жастары бейбітшілік көтеріліске шығып,арты түсініксіз қырғынға айналды.Алаңға шығуының бірден-бір себебі,елімізді қазақ азаматы басқарсын деген талабы ғана болды.Ресейдің біз танымайтын азаматы басқарады дегенді біліп,қазақ жастары ашу ызаға бұллықты.Тәуелсіздік алуда өз отандастарымызды соққының астына алып,қыстың қаһарлы аязында қиын жағдайға душар болды.
Тәуелсіздік баға жетпес құндылық десем де қателеспеймін.Сонау ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуымызды армандап,өз көзімен қазіргі бақытты сәтімізді көрмей кетті.Тәуелсіздік алудағы батыр аға,әпкелеріміздің ерен еңбектерін оқып көзіме еріксіз жас келеді.Тәуелсіздік құрбандарының есімдері:Ләззәт,Сәбира әпкелеріміз және Талғат,Ербол ағаларымыз елі үшін жанын пида етті.Туған жеріміздің азаттығы мен бейбітшілігі аясында аянып қалмады.1986 жылдың желтоқсанында Ләззәт әпкеміз Алматы қаласының қобызшы мамандығын оқып,16 жасында батырлық іспен ерте ғұмыры үзілді.Әпкеміз Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ерлігін қайталады.19 желтоқсан күні Ербол Сыпатаев ауруханаға, бас сүйегі мен миынан жарақаттанып әкелінді.23 желтоқсан күні ес жимастан өмірден озды.Ербол ағамыз үйінің жалғыз ер баласы болған,"Құйын 86" операциясының құрбаны болды.Сабира Мұхамеджанова Алматыдағы жастар шеруін қолдап,Өскемен қаласының жастарымен шеруге аттанады.Сабира әпкемізді шеруге үн қосқаны үшін қатаң түрде айыптап тәртіпсіздік деп бағаланған.Училищеден жазықсыз шығарылып қорлығына шыдай алмай,Өскемен педагогикасының бірінші студенті Сабира Мұхамеджанова өзі тұратын бөлменің терезесінен секіріп қаза табады.Қайрат Рысқұлов 1982 жылы Алматы қаласына Сәулет құрылыс институтына оқуға түседі.Желтоқсан оқиғасынан кейін оны "Савицкийді өлтірген қылмыскер"ретінде жала жауып,аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында зорлық-зомбылық көрсетті.Ағамыз небәрі 21 жасында өмірден озып айбынды ерлігімен есте қалды.Тәуелсіздік жолында құрбан болған аға әпкелеріме Қазақстан еліне мыңдаған алғыс айтамын.
Қазақстан елі тәуелсіздіктің қадыр қасиетін мәңгілік ұмытпайды.Бейбітшілік алғаннан бері еліміз жарқырап гүлдей құлпырып жайнауда.Жетістігіміздің арқасында қазақтың өрімдей жас ұлдары мен қыздары жыламай, қасірет шекпей, ғұмырлы өмір сүруде.16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып белгіленді.Тәуелсіздік алғанымызға биыл 32 жыл толып отыр.Желтоқсан оқиғасына арнап"Желтоқсан" әні де шықты.Осы әнді естігенде жан дүниең құдды бір басқа әлемге тап болып,туған жеріңе деген сезімді оятады.
Тәуелсіздік халыққа еркіндік, бейбітшілік, татулық, ынтымақтастық, сүйіспеншілік сыйлайды.Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлық бойғы күресінде,азаттыққа ұмтылған қайсарлығында" деп қоса жырлаған.Арыға бармай -ақ 1986 жылы орын алған желтоқсаншы жастар болмаса осы күнге жетер мен едік?Жоқ , олардың отан сүйгіштігі мен ұлтжандылығы болмаса осы күнімізге жетуіміз екі талай еді.
Тәуелсіз Қазақстанның қиын тағдырының көрінісі осылай ел есінде қалмақ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі