Өлең, жыр, ақындар

Мақтан тұтар ұлы тұлға

Қазақстан елінің мақтан тұтар ұлы тұлғасы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Дінмұхамед атамыз биыл 111 жасына толғаны, бәрімізге хақ. Жастарды білімді, озық тәрбиелеуге, ізденпаздыққа, сүйіспеншілікке, парасаттылыққа жетелейтін ұлы тұлғамыз. Өзінің айқын мақсаттарын өмір алдына қойып, жүрегінде қарапайымдылықтың оты сөнбеген, кең байтақ елімізге елеулі түрде жақсылық, қамқорлық танытқан, қарапайым халыққа, нұрын шашқан ұлы тұлға. Дінмұхамед атамның жүзі жылылығын, жан дүниесінің мейірімділікке толылығын, бір көргеннен байқауға болады. Тұла бойындағы адамгершілік, қамқорлық, батыл да, қайсар мінезін, тұла бойыма сіңірудемін.

Дінмұхамед атамның бойындағы, өзге жанның жан дүниесінен табылмайтын қасиет, қарапайымдылық. Тұла бойында қарапайымдылық қасиеті бар, адамзат баласын кездестіру қазіргі кезде қиындап барады. Қарапайымдылықты ұстай білген, Дінмұхамед атамыз, қазақтың болашақ жастарына өнегелі тәрбие. Барша бойындағы жақсылыққа негізделген қасиетін, өрімдей қазақтың ұл, қыздары тұла бойына сіңірсе, ұлтымыз мәдениетті болатын еді. Сөз саптауының кереметтігі, нық қадамдары мен қоса, тұлғамыздың есімінде қандай терең мән жатыр десеңші. 

Дінмұхамед Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнап, Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Айқын жұмыстарының нәтижесінде, елімізге жаңа қалалар мен шағын елді мекендер тұрғызылды. Ғылым саласына үздік нәтижелер көрсетіп, елімізді жандандырды. Тіпті, өнер сахнасында жүрген қазақтың жастарын қолдап, өнер ордаларының салынғаны, ұлы тұлғамыздың арқасы. Дінмұхамед Қонаев ұлы тұлға болғандықтан, есімі ауыл мен қалаларға берілді. Олар:Қонаев қаласы, Астана қаласындағы көшелер, жоғарғы оқу орындарына, мақтан тұтар ұлы тұлғамыздың есімі, қуанышпен берілді. Мақтан тұтар ұлы тұлғамыз болмаса, еліміз қалай өркендейтін еді?

Дінмұхамед Қонаев сияқты ұлы тұлғаларымыздың тәрбиесін алсақ, бізден асқан ақылды да, өнегелі ұлт болмас еді! Дінмұхамед Қонаев Қазақстан халқының есінде, өзінің ой ұшқырлығымен, парасаттылығымен, мәдениеттілігімен, ең маңыздысы өте қарапайымдылығы, ұлтымыздың жанашыр тұлғасы болып, еліміздің санасында мақтан тұтар ұлы тұлға ретінде, жүрегімізде мәңгі сақталады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз