Әкесі Байжан биден бата алып, ізіне мың баладан құралған топты ертіп ордабасыға жеткен он бес жасар Сартайдың көзге түскен жері осы еді. Халықтың басына қара күн туып, жан алқымға таялғанда, үш жүздің ұлдары ордабасына жиналған. Жау іргесінде тұрғанның өзінде бас қосқан қазақ қолының әскербасшысын сайлау жөніндеп айтыс-тартыс екі аптаға созылады. Бұл кез жасы отыздан жаңа-жаңа асқан кіші жүздің ханы Әбілқайырдың бағы өрлеп тұрған күндер еді. Сөйтіп, қазақтың біріккен қолының бас сардары Әбілқайыр бастаған қалың қол жауға аттанады.
Әбілқайыр қалың қолдың алдында халықтың басына төнген қара бұлттың мәнін түсіндіріп, азаттық үшін шай- қасқа жігерлендіреді:
— Айналайын қазағым,
Басың бүгін торда тұр,
Ұл мен қызың қорда тұр!
Жан-жағы жау қайран ел,
Тәлтіректеп зорға тұр!
Көнбесеңдер осыған,
Қан ағады жосыған.
Жауға шабар ер бүгін,
Жан пидаға қосылған.
Арамзамен айқаста
Ажал сілтеп, жай таста!
Арыстандар алға ұмтыл
Жерің үшін шайқасқа!
Жауға жақындағанда жау зеңбіректен оқ жаудырып, қазақтың қолын біраз шығынға ұшыратады. Осы сәтте қазақ әскері жақтан бір топ бөлініп шығып, жоңғарлардың сапын қақ бөледі. Бұл топтың Сартай бастаған қазақ балалары екенін көрген қазақ батырлары ұрандап ұрысқа ұмтылады. Жасөспірім балалардың ерлігін жігерлендірген қазақ қолы жоңғарларды тас-талқан етеді.
Жас Сартайдың Аңырақай шайқасына да қатысқанына күмән жоқ. Жорыққа аттанарда әкесі Байжан би:
— Бұл жорық ауыр болады, әрі әлденеше жылға созылады. Жаныңа ерткен балалар сол жорық үстінде ержетіп, кейін елін қорғайтын хас батырлар болады, — деген еді.
Осы сапар Сартаймен бірге болған Жылқайдар, Жылқаман, Шүкірәлі, Сырғақ есімді балалар кейін елін-жерін қорғаған үлкен батырлар болады.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі