Өлең, жыр, ақындар

Әр елдегі бір шынаяқ кофе

Жаңадан қайнатылған кофенің  хош иісін сөзбен жеткізу қиын. Әлемде миллион адамның таңы сергітетін кофемен басталады. Әр мемлекеттің бұл сусынды дайындауында өздерінің ерекшеліктері және құпиялары бар.  

 

Жұмыртқалы кофе (Вьетнам)

scontent

Рецептің негізінде — жұмыртқаның ағы, қойылтылған сүт, қант және ыстық кофе.

 

Лапландтық кофе (Финляндия)

bincangkopi

Шынаяққа алдымен лапландық ірімшік салынып, үстінен кофе құйылады.

 

Римдік эспрессо  (Италия)

unaitalia

Эспрессоға бір тілім лимон қосылады. Ішер алдында лимонды қасықпен шынаяқтың түбіне немесе шетіне «езу» қажет.

 

Лагрима (Аргентина)

receptai

Сүтті көбікке бірнеше тамшы қою кофе қосылады.

 

Бонбон (Испания)

flickr

Эспрессоға қойылтылған сүт қосылады. Ал егер жарты сүтке жарты қойылтылған сүт араластырылып қосылса, онда ол leche y leche болады.

 

Дәмдеуіштер қосылған кофе (Марокко)

datasphere

Күнжіт дәндері, қара бұрыш және теңіз жаңғағы сияқты дәмдеуіштер қоспасы кофе дәндерімен бірге ұнтақталады. Мықты сусын шығады.

 

Шай қосылған кофе (Гонконг)

youth-time

Сүт қосылған шай мен кофе миксі бірінші жұтымнан ақ әсерлендіреді! Оны әзірлеу үшін 4 пакет қара шай, бұрыш, қойылтылған сүт және кофе қажет.

 

Фраппе (Греция)

republikakobiet

Кофе, балмұздақ, қойылтылған сүт және мұздай су – дәмді frappé-нің ингредиенттері.

 

Фарисей (Германия)

essen

Бұл сусын отбасылық мерекелер кезінде алкогольді жасыру үшін Германияда ойлап табылған. Мол кілегейдің астында ром мен кофе «жасырылынады».

 

Тоуба (Сенегал)

coffeebeanjunkie

Кофені қуыратын кезде гвинея бұрышының дәндері қосылады. Сусынның өзі әдеттегідей демделеді.

 

Бал және сарымсақ қосылған кофе (Түркия)

flickr

Түркиядағы танымал сусын.

 

Апельсин қосылған кофе (Ямайка)

finecook

Ямайкада ром көп таралған. Сондықтан да болу керек дәстүрлі ямайкалық кофені әзірлегенде осы күшті алкоголь сусыны қосылады.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Дәулет Құттыбаев

Глясе дегені бар Фраппеге ұқсас бірақ басқаша, Шымкент қаласында көп ішіледі, маған ұнайтыны сол

Аигерим

Кофе жаилы аитарым кофе туралы коп билгим келет
Жане кофе даиындап коргим келет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз