Өлең, жыр, ақындар

Жауғаш батыр

Сәмен батыр қолында мыңбасы болған Қырбас ел азаматтары түгел қатынасқан Іле өзенінің бойындағы қалмақтармен үлкен ұрысқа кеткен екен. Ат үстінде ауылға қарай шауып, айғайды салып, «Сүйінші! Сүйінші! Жау қашты! Жау қашты!» деген жігіттердің дауыстарын естігенде толғағы пісіп, арқанға асылып тұрған анамыз, Қоңырат елінің қызы Қоңырбике өзегі босап, өмірге бір нәресте келтіріпті. Мұны жақсы ырымға жорыған әжелер: «жау қашқанда туды, батыр болады» деген екен.

Ұрыстан қайтып келе жатқанда, Қырбастың немере ағасы Бабалы бидің үйіне қонған Төле би жарықтықтың өзі: «Ақ жаулықты аналардың аузына да Құдай салған шығар, олай болса елін қорғайтын батыр болсын, есімі Жауғашты болсын!» — деп атын қойған. Кейін «Жауғашты батыр туған жер» деп жүріп, сол жер «Жауғашты» атанып кеткен. Анасы еркелетіп: «Жауғаш, Жауғашым!» — дейді екен.

Жауғаш әкесінің жалғыз баласы болғандықтан еркелеу өсіп, алғырлығын аңғартып, Бабалы бидің, әсіресе кіші әйелі Бөртенің балаларымен асық ойындарынан ат ойындарына дейін артықшылығын көрсетіп, ерегесіп, төбелесіп қала беретін болған.

Бабалыдан туған тоғыз ұл
Жарға қонған үкідей.
Қырбастан туған жалғыз ұл
өткір қара бәкідей, —

деген сөздің айтылуы да сондықтан. Қалмақтың елді билеп, еңсесін көтертпей тұрған кезінде жоңғардың ноянын қасындағы атқосшымен Жауғаш он бес жасында өлтіріп, өзінің өміріне қауіп төнгеннен кейін әкесі Қырбастың рұқсатымен, Бабалы бидің батасымен Қарпық пен Малыбай достарымен бірге Арқадағы Абылайға кеткен. Қарпықтың сондағы нағашылары арғынның алтай, қарпық аталарына арқа сүйеп, мият тұтып, сол елге барған.

Он бес жасар жас бала
Жауғаш бір сонда жылайды:
«Сен қалмаққа қылмасам,
Көтіңнен сүргі салмасам,
Арқадағы Абылай ханыма бармасам,
Сөйтіп бір кегім алмасам!».

Оқуға кеңес береміз:

Жалаңтөс батыр

Елшібек батыр туралы

Ер Жауғаш


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз