Өлең, жыр, ақындар

ҚР-ның терроризм мен экстремизм

Жаhaндық үлкен мәселелердің көшін бастап тұрған проблеманың бірі терроризм мен экстремизм. Әр жыл сайын мыңдаған адам террористтердің қолынан қаза табады.

ҚР аумағында терроризм мен экстремизмды насихаттайтын ұйым жоқ деугеде кепіл жоқ. Осы тұста “қаңды қаңтар” оқиғасы кезінде қарапайым халыққа суық қаруды ұсынып, террористтер әр-түрлі үгіт насихат жүргізген, ісі насырға шауып, қала қирап, қан төгілгенін естен шығармаған дұрыс. 

Мемлекет терроризм мен экстремизммен қалай күреседі? Бүгінгі таңда мемлекет экстремистік жəне террористік көріністердің алдын алу, алдын алу, анықтау жəне жолын кесу бойынша кешенді шаралар қабылдауда. «Мəселен, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жəне 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалар бекітілді.Осы бағдарламаларды іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдар діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдануда», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасы.

Осыдан 7 жыл бұрын, 2016 жылдың 5 маусымында радикал дін ағымындағы 40-тан аса ер адам Ақтөбеде теракт жасады ел есінде. Сәйкесінше 12 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.

ҚР-да сонғы 12 жыл ішінде 9 терракт тіркелген.

1999 жылдың шілдесінде «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. 

Экстремизм мен терроризмнің танытуы адам өмірінің жойылуына, инфрақұрылымның, рухани, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеледі. Бұл жағдайда көбінесе жазықсыз, кездейсоқ адамдар құрбан болады. Теориялық актілер адамдардың психикасына зиян келтіреді, оларды қорқытады. Сонымен қатар, терроризм экономикаға, өнеркәсіптік – сауда байланыстарына зиян келтіреді, елдегі жағдайды тұрақсыздандырады.

Адамдар бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүргісі келеді. Мемлекеттің дамуы үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік қажет. Терроризм мен экстремизмге әлемдік қауымдастық қарсы тұр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер