Өлең, жыр, ақындар

Сандарлы жылдар

Ұлтымыздың өмір сүріп келе жатқанына осымен 557 жыл толды. 5 жарым ғасырды артқа тастаған халқымыздың жасаған, атқарған ісі мен жетістігі жетерлік. 5 жарым ғасыр ішінде халқымыздың басына не бір күн тумады десеңші?! «Бүйірден соққан жау жаман. Гүрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген жау жаман» деп атам қазақ бекер айтпаса керек-ті. Себебі кейбір кезеңдерде еліміз досы деп санағандардың жау болып шыққанын, жау деп санағандардың дос болып шыққанына куә болды. Оған мысал кеңес үкіметі. Кеңес үкіметі жылдарында халқымыз небір алапат күндерді бастан кешірді. Халықымыздың қай жерден осал екенін білген билік басшылары түрлі амал-шарғыларды қолдана отырып, елімізді жоюға тырысты. Осындайда тіліме мына екі мақал оралады. «Даттаушы түгел жау емес, Мақтаушы түгел ел емес», «Дұшпанға сырынды берме, сыр алдырып қырынды берме» деген сынды екі мақал біздің сол замандағы жай-күйімізді толық аша білгендей. Дос деп санаған, өз болашағымызды қолдарына сеніп тапсырған кеңес үкіметі елімізге аштық та, соғысты да, көтерілісті де көрсетті. бұның бәрі бар болғаны 70-80 жыл ішінде болғаны. Алдымен малымызды алса, кейіннен байымызды, атап айтақанда, бір елді асырап отырған бай-бағыландарымызды, ендігі бір кезекте халқымыздың көзін ашуға тырысқан ұлт зиялыларына шүйлікті. Бірін қотыр, бірін соқыр деді. «Халық жауы» өздері бола тұра, сол бір атауы жаман жаланы ұлт зиялыларына тақты. Шығармаларын жойды, еңбектерін өртеді. Бірін жер аударса, бірін ату жазасына кесті. «Дұшпан біреу болса да көптік етер, Досың мың болса да аздық етер» демекші сол замандағы беделі мықты Алаш Орданы түбімен жойды. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, ұлт санасынан қанша жоюға тырысқанымен, ұлт ұмытпады. Оған дәлел – қазірде Алаш арыстарын аспанға көтеріп, саяси бағытын дәріптеуімізде.  

Қасқындық жасамақ болған қайсыбір жан болсын руһы биік халқымызды құлата алмады. Себебі олардың бізді құртуға жасамақ болған кез-келген әрекеті еш болып, халқымыз қазіргі тәуелсіз күнге жетті. Алдымен Жаратқанның, сосын ата-бабамыздың арқасында бізге мұра болып қалған жерімізді, тілімізді, тарихымызды сақтау, дәріптеу біздің ұлы міндетіміз.

Жетекші: Жақсылықбаева Р. С


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз