Сырым мен Перовский

Сырым батыр заманында Текенің екі басты ұлықтарыменен қатты дос болған екен. Оның біреуі — губернатор Перовский, екіншісі домуправления деген екен. осы екеуінің бірі бір күндері Сырымды шақырып алып:

— Ау, Сырым батыр, сені тұтқынға ал деген патшадан бұйрық келді, сен енді менің рағиямнан тай! Тайсаң, мен сені іздемеймін, таймасаң, тұтқындамасқа шарам жоқ, патшадан қорқамын, — депті.

— Жарайды, шын достығың болса, таяйын. Тек менің сізге мынандай тапсыратын жұмысым бар, орындаймысыз? — дейді Сырым батыр.

— Орындайын, — дейді губернатор.

— Орындайтын болсаңыз менің артым саған аманат: әуелі халқым, екінші қатын-балам, соның ішінде айырықша Қазы балам, алдыңа келсе, талабын қайырмағайсың, — дейді Сырым.

Қазының Текеге өктем баратыны осыдан екен, Сырым батыр баласына айтып кетсе керек. өйткені Сырымның арты тыныш болды, халық онша жәбір-жапа көрген жоқ, қатын-баласына да көз алартқан ешкім болған жоқ. «Ал Исатайлардың артында жәбір-жапа шеккен адам көп болды», — деп айтып отырар еді бөкейлік қарттар.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Ұқсас тақырыптар

Сырым батыр ел аузынан
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)