Сырымның қазасын естірту

Сырым Хиуада жүріп қайтыс болады, бала-шағасына естіртуге елдің адамы жиналып ешбір қисынын таба алмай жүреді. Елдің шетінен Ұрышта деген биді алдырады. «Сырымның өлімін қатын-баласына естірту керек болып сізді алдырдық, соған баралық, барып естіртелік, сіз соны айтыңыз», — дейді халық. Барады, бір-екі күн қонақ болғасын, қызмет айтылады.

— Шырағым, Қазыжан,
Қарт атаң сенің Дат еді-ау,
Есіміне ісі лайық емес,
Тек бір қойған ат еді-ау!
Өзіңнің атың Қазы еді-ау,
Қысың да сенің жаз еді-ау!
Әкең сенің Сырым-ды,
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Іші толған білім-ді.
Тек қазақ жұрты емес,
Билегендей ер еді-ау
Қытай менен Қырымды.
Әкең Сырым аман келсе,
Сүйіншіге берер ме едің,
Олжатай мен Сүгірді?
Сол секілді Сырекемнің
Арғымақ аты сүрінді, —

дейді Ұрышта қарт. Бұны естіп Қазы би қонақтарын таратпай, алғашқы садақасын беріп қайырған дейді.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


Ұқсас тақырыптар

Сырым Датұлы ел аузынан
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)