Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғалымды 80 жылдық еске алу дөңгелек үстелі өтті

2023 жылдың 6 қарашасында Тұрақты даму мақсаттары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Молдабеков Жақан Жанболұлының 80 жылдығына арналған еске алу дөңгелек үстелі өтті.

Молдабеков Жақан Жанболұлы - көрнекті ғалым, «қазақтану» ілімінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтану және жаңару философиясы мәселелерінің әдістемелік негіздерін салушы, сонымен бірге ұлттық тәрбиенің тәлімдік өнегелері және қазақ ақын-жырауларының, би-шешендерінің дүниетанымы мен философиясы төңірегінде көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген ұлағатты ұстаз.

Дөңгелек үстелге Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлы, философия кафедрасының доценті Асқар Лесхан Әмірханұлы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы, Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының кандидаты, Алимжанова Алия Шарабекқызы, философия кафедрасының доценті Аташ Берік Мұратұлы, Ұлттық құндылықтар академиясының шетелмен байланыс орнату және дамыту секторының жетекшісі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жалпы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Философия докторы (PhD) Шашаева Гүлбақыт Қадыржанқызы, Қазақ Америка Университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қалыбекова Баянсұлу Кеңесқызы және ғалымның отбасы мүшелерінен жұбайы мен қызы қатысып, естеліктерімен бөлісті.

Іс-шарада Жақан Жанболұлының философилық поэзиясынан үзінді келтірген «Мәдениет.кз» клубының мүшелері, 6В03102-мәдениеттану мамандығының 2-курс студенттері Аубакиров Мадияр, Жамбыл Арайлым, Анарбай Айгерім, Абдуали Аида, Баяхмет Аружан, Құрман Лаура, Әріпбек Диана атты студенттердің және шәкірттері өлеңдерінен арнау оқыды. Жақан Жанболұлы көзі тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. «Жақсының аты, ғалымның хаты» өлмейді деген қанатты сөз бар. Жақан Жанболұлы артына қалдырған ұстаздық ұлағаты мен мол ғылыми мұрасы-осының айқын дәлелі. Оның ғылым жолындағы төккен тері мен атқарған ерен еңбегі, ізденісте болған жас ғалымдар мен шәкірттеріне шашқан шуағы ешқашан ұмытылмайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер