
Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:
— Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?
Ауру айтты дейді:
— Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

жаксы мәтін
Өте тамаша!
Қызықты бірақ кішкентай
Оте жаксы сайт екен маган осы сайт катты унады
Өте керемет ақыл үйретерлік
Оте керемет!
Өте керемет!!
Ыбырай Алтынсариннің Жаман жолдас әңгімесі мықты
Қызық әңгіме
Оте кушті
Өте күшті екен!
Күшті
Керемет емес емес
Ман жоқ
Очень классно
«Жаман жолдас» — қазақ жерінің көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсаринның адамгершілік пен достық туралы жүректі тебірентер әңгімесі. Бұл шығармада екі жақын достың аюмен кездесу жағдайында бірі бірі қалай бағалай алатыны көрсетіледі, ал шынайы достық пен адал жолдастықтың маңызы ерекше ашылады.
Әңгіменің поэтикалық және мәнді тілі оқырманға шын ниетті дос пен жалған жолдасты танып білуге көмектеседі, оның тәрбиелік маңызы зор. Мұндай қазақ әдебиетінің қарапайым әрі терең шығармаcы жастарға да, әдебиет сүйер қауымға да жақсы әсер етеді, өйткені адамгершілік пен достық туралы ой тудырады.
Осындай құнды әңгімелерді оқу — қазақ тілі мен руханиятын терең түсінуге, ұлттық әдебиет пен мән‑мәтінге назар аударуға жақсы мүмкіндік.