Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Жақсы ниет - жарым ырыс.
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
Су бермегенге, сүт бер,
Ақ ниетіңді білсін.
Кең болсаң, кем болмайсың.
Қолы ашықтың, жолы ашық.
Игіліктің ерте, кеші жоқ.
Жүзігің алтын болғанша,
Жүзің жарқын болсын.
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
Иілген басты қылыш кеспес.
Кешірерсің кешерсің,
Жетілерсің жетерсің.
Алдыңа келсе атаңның құнын кешір.
«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек.
Өзіңді өзің сыйламасаң,
Өзгеден сый күтпе.
Пышақты өзіңе сұқ
Ауырмаса өзгеге сұқ.
Ана алдында - құрмет,
Ата алдында қызмет.
Кішіпейілділік - кісінің көркі.
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар ұят керек әр уақытта.
Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым.
Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет ойлап қой.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Мал сақтама, ар сақта.
Еңкейгенге еңкей,
Атаңның қара құлы емес.
Шалқайғанға шалқай,
Пайғамбардың ұлы емес.
Кішіпейілділіктен - кішіреймессің.
Таспен ұрғанды, аспен ұр.
Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
Түріне қарама, қасиетіне қара.
Өз қадірің - өз байлығың.
Жақсы атың «мәңгіге қалсын» десең,
Сүрінгенді сүйеп қой.
Азаматтық жасай алмаған адам –
Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.
Көпке күл шашпа.
Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды.
Жақсылық еткен, алғыс алады.
Саудың асын жеп
Жындының ісін істеме.
Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
Анығын айту адалдық,
Ала сөйлеу арамдық.
Кедейге қарыз бер де,
Амандығын тіле.
Күлме досыңа, келер басыңа.
Айырылмастай досыңа,
Қайырылмастай сөз айтпа.
Есіктен орын тапсаң, төрге озба.
Тойсаң тоба қыл.
Көкшіл болма, епшіл бол.
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
Жасы кішінің, ақылы асса, аға тұт.
Сыйласаң, сыйлы боласың.
Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның.
Ары таза, нар жүгін көтереді.
«Кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
Қажетті сілтемелер:
Адамгершілік туралы басқа да мақал - мәтелдер
Отбасы туралы мақал - мәтелдер

жүсіп Баласағұнның адамдық карым катынас туралы кенестери мен осиеттері н кайдан табуга болады
олеңдер қайда
Өлеңдер бөлімінде: Өлеңдер
жақсы
байганин сындары
Күшті! Не деген керемет
Күшті! Уау ғажап
маган ұнады
керемет
әр мақалдың мағынасын ашып көрсетсе жақсы болар еді.
Керемет екен! Маған ұнады.
ар созде терен магына!????
Адамды тарлык шыныктырады,
Адамгершиликти барлык ұмыттырады.
Өте керемет,бірақ басқа мақалдар шығып кетті
Өте керемет!
Өте керемет мақал мәтелдер
Керемет, бырақ адамгершілік туралы мақал аз
Керемет
Өте керемет
Жаксы
Өте тамаша
Өте күшті.Енді приложения қылып шығарыңыздар
Оте кереметтттт
КЕРЕМЕТ
керемет
рақмет білім ал сайты
{•~•}
«Адамгершілік туралы мақал‑мәтелдер» қазақ халқының адамгершілік пен өнегелік құндылықтарына арналған рухани бай мұрасын әдемі көрсетеді. Мұнда жастар мен барлық оқырманға адалдық, ұят, сыйластық, қайырымдылық пен ар‑ұят секілді маңызды қасиеттердің мәні нақыл сөздер арқылы жеткізіледі. Мысалы, адамгершілік болмай, әділдік болмас деген сөздер әділдік пен ізгілік негізін түсіндіреді, ал адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде дегендері күні‑түнді тәрбиелік тұрғыда ойландырады. Осындай мақал‑мәтелдер біздің ұлттық дүниетанымымызды байытып, әрбір адамға жақсылыққа және ізгілікке бағыт береді.