Өлең, жыр, ақындар

Қулығына құрық бойламайтын “интернет алаяқтық”

XXI ғасыр - интернет ғасыры болғалы қашан. Телефоннан бас көтермей, есалаң күйде жүргендейміз. Интернеттің тілін мықтап үйренгелі, құдды онсыз өмір тоқтап қалатындай деңгейге жеттік. Иә, ғаламтордың берері көп, тіпті жетіп артылады. Алайда, оның тигізер зияны мен зардабы, алдамшы көзбояушылықтары да бар. Соның бірі “интернет алаяқтық.” Сіз бен біз білмейтін интернет ресурстарын тиімді жолмен пайдаланатын әккі алаяқтар бүгінде аңқау қара халықты сан соқтырып жүр. Бірін үйінен, көлігінен айырса, бірін тіпті өмірінен айыратындай дәрежеге жеткізеді. Бұл қашанға дейін жалғаса бермек? Әлі қанша халық алданып, алаяқтықтың құрбаны болуы керек? Кез келгеніміздің бармақ тістеп қалмайтынымызға кім кепіл?

“Қарыздан құтылу, пайызсыз несие алып беру, жұмысқа орналастыру, банктегі қара тізімнен шығарып беру сынды жылтырақ жарнамалар алаяқтықтың алғашқы белгілері. Ал сол несиесін төлей алмай, қарызға белшесінен батып жүргендердің көзіне мұндай жарнамалар оттай басылады. Содан қайтеді? Қатты үміттеніп, бар жиған-тергенін еш ойланбастан салып жібереді. Түбінде дымсыз қалып, тақырға отырып қалғандарға не дейсіз? 

Интернет алаяқтықтың деңгейі күн санап өсуде. Өткен жылы елімізде интернет алаяқтыққа қатысты 21тмыңнан астам дерек тіркелген. Ал бұл сан 2020тжылы 14тмыңның төңірегінде болған. ІІМ мәліметтеріне сенсек, 1200-ден астам деректе жәбірленушілер интернет ресурстарына жеке деректерін ерікті түрде өздері енгізген. Ал 2тмыңға жуық алаяқтық түрлі жоба, ойындар, қаржы пирамидасы, бәс тігетін сауда ойындарында орын алған. Осы жыл басталғалы елімізде бұл кибер қылмыстың 2900 дерегі тіркелген. Интернет алаяқтық қазіргі таңда ең көп тіркелетін қылмыс түріне жатады. Бұған байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ бір қынжылтатыны осы алаяқтардың қолға түспеуінде. Ғаламтор көздерін өте жақсы білгендіктен бір кедергі туса болды, дереккөздерін бірден жойып, сытылып кетудің амал-тәсілдерін іздеп тұрады. Сол үшінде интернет алаяқтыққа құрық бойламай тұр. Бірақ қылмыскерлер ауыздықталу керек. 

Қорытындылай келе, ұялы телефоныңызға келетін түрлі смстер мен қоңырауларға абай болыңыз. Алаяқтарға тап болудан сақтаныңыз. Өз өміріңізді өзіңіз қиындатпаңыз. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Дастан

Жалпы алаяқтардың кесірінен адамдарға сенбейтін болдық қой

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар