Өлең, жыр, ақындар

Адам ресурстарын басқаруда адаптацияның алатын орны

Қазіргі таңда, адам ресурстарын басқару (HR) саласы өте маңызды. Кез-келген ұйымда қызметкерлердің жұмысын басқаруда, қызметкерлерді бейімдеуде, мотивация беруде, корпоративті мәдениетті қалыптастыруда HR мамандарының ерең еңбегі көп. Біздің қоғамда HR мамандығы енді даму үстінде. Біздің түсінігімізде HR ол кадр бөлімімен, тек документтермен ғана ассоциация тудырады, Бірақ, адам ресурстарын басқару мамандығының спектрі өте кең.

Қазақстанда бұл мамандықта оқытатын жоғары оқу орындар саны санаулы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, Философия және саясаттану факультетінің ішінде, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы осы мамандық бағытында мамандар даярлайды. ҚазҰУ білім сапасы өте сапалы, жоғары деңгейде деп айта аламын. Адам ресурстарын басқаруға байланысты (мотивация; жанжалдарды басқару; адаптация) көптеген теориялар мен қатар практикада қолдану арқылы болашақта білікті, білімді, сұранысқа ие маман атану үшін тиісті білім берілуде. Компетенциясы өте жоғары, білімді профессорлар мен мұғалімдерден білім алу арқылы, үйренген барлық білімімізді болашақта елімізді дамытуға, еліміздегі еңбек қатынастарын дамытуға қолданамыз деген үлкен сенім бар.

Менің диссертацияға зерттеп жүрген тақырыбым қызметкерлердің жұмыс орнына бейімделуі болып табылады. Барлығымызға мәлім, өмірдің барлық кезеңінде адамда бейімделу процесі жүреді. Осы бейімделу процесі жұмыста да өте маңызға ие. Қызметкерлердің жұмыстарының эффективті болуы олардың бейімделуіне тікелей байланысты. Сол себепті, HR мамандар өздерінің қызметкерлеріне арналған бейімделуге арналған жоспарын жасау қажет. Қорытындылай келе, HR мамандығы өте өзекті, нарық талап ететін, маңызды, сұранысқа ие. Мамандықты меңгеруде дұрыс университеті таңдау аса маңызды болып табылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
Еңбек әлеуметтануы және HR басқару
Магистрант 2 курс. Ануар Шырайлым


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз