Араб айларынан зүл-хиджа айының оныншы күні құрбан айты болып табылады. Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Өйткені, бұл күндер – күнәлар кешірілетін, бірлік пен ынтымақтастық сезімдері ұштасқан, қуаныш пен шаттық күндері!
Айт күндері ерте тұру, ғұсыл алу, мисуак қолдану, хош иіс себу, мешітке ерте бару, мешітке бара жатқанда тәкбір айту, жүзік тағу сүннет болады. Әке-шеше, жолдас, туыс, дос және көршілердің үйіне айттап барады. Айттың алдында тәтті тағамдар, бауырсақтар пісіріледі. Таза немесе жаңа киімдер айтқа дайындап қойылады. Үйдің іші де мереке күні үшін тазартылып безендіріледі. Айт күні бүкіл мұсылмандар ең таза ең жаңа киімдерін киеді. Балаларға жаңа киімдер алынады. Кедей, жетім адамдарды қуантады. Айт намазынан кейін қабірге зиярат жасалады. Өткендердің, туысқандар мен дін ұлыларының рухына бағышталып Құран оқылады, дұға етіліп, садақа беріледі. Содан соң отбасының үлкендеріне, достарға, туыстарға, таныстарға барып хал-жағдайларын сұрайды.
Пайдалы сілтемелер:
Құрбан айтқа қатысты пайдалы мәліметтер
Құрбандықты қашанға дейін союға болады
islamdini.kz - сайтының көмегімен дайындалды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ерлан А
Құрбан айт құтты болсын , ағайын!
Арайлым
Берге болсын! Айттарыңмен!!
Yerlan Murat
Құрбан айт қабыл болсын!