Семейлік мұғалім мектеп оқушыларының физика пәніне деген қызығушылығын ояту үшін сабақ барысында комикс салады.
Абай облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Білім – инновация» лицейінің физика пәнінің мұғалімі Жасқайрат Наубетов физиканы оқытуда ерекше әдіс-тәсіл қолданады. Заманауи мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әлеуметтік желілерді, компьютерлік ойындар мен комикстерді кәдеге жаратып жүр.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында ол физиканы комикс арқылы оқытуда. Нәтижесінде, қызық сурет салу үшін балалар тақырыпты жіті зерттеп, шығармашылық тұрғыда дами түседі.
Мұғалім 7-9 сынып оқушыларына осындай ерекше әдісті қолдануда. Олар «Ньютон заңдары», «Энергияның сақталу заңы», «Архимед заңы» сынды тақырыптарда комикс жасап, түсіну қиын тақырыптарды жеңілдетеді.
- Комикстерді алғаш пайдаланған кезімде оқушылардың физикаға деген қызығушылығы артып, сабақты бар ынтасымен оқи бастады. Қазіргі балалар көп уақытын смартфонмен өткізеді. Бұл әдіс телефонда уақытты тиімді және пайдалы өткізудің ұтымды тәсілі. Әсіресе баланың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытып, сурет салуға баулиды. Қазір оқушылар комикстерді өздері жасап, оны жаңа тақырыпты түсіну үшін пайдалануда», - дейді Жасқайрат.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ағман
Осындай мұғалімдер көп болсын!