Өлең, жыр, ақындар

Солтүстік Кореяның адам төзгісіз тыйымдары жайлы

Бәрімізге белгілі КХДР (Корей Халық Демократиялық Республикасы. жабық мемлекет болып табылады. 1948 ж 9 қыркүйекте КХДР ресми түрде жарияланды. 2016 жылғы халық санағы бойынша 25 368 620 адамды құрайды. Жер аумағы әлем бойынша 97 ші орында. Астанасы Пхеньян қаласы. Мұндағы ішкі тыйымдарға тоқталсақ.

1. Көк түсті джинсы киюге болмайды. Корея үкіметі империялизм мен көгілдір түсті байланыстырады. Яғни көк түсті джинсы киген адам халық жауы болып саналады.

2. Газдалған сусын ішу. Газдалған сусын ішуге тыйым салған екі мемлекеттің бірі Солтүстік Корея болып табылады. Оны тек заңсыз түрде алуға болады.

3. Өзге елдің музыкасын тыңдауға, фильмдерін көруге және кітаптарын оқуға тыйым салынған. Бұл заңды бұзатын болса қатаң жазаланады. Осылардан тек цензурадан өткендерін ғана пайдалана алады.

4. Ел ішінде емін-еркін барды-келді жасауға болмайды. Бір қаладан екінші қалаға бару үшін арнайы рұқсат алу қажет, ол да оңайлықпен берілмейді.

5. Мұнда заңды жолмен пәтер иесі атану мүмкін емес. Елдің қарапайым тұрғынына пәтер алу қиынның қиыны. Сондықтан қара нарықтан алады немесе мемлекетке кезекке тұрады.

6. Жеке көлігінің болуы. Мұнда тек жоғары лауазымдағы адамдар ғана жеке көлік ала алады. Қатардағы қарапайым адамдардың көлік жүргізгенін көрсе бірден абақтыға жабады.

7. Дін ұстану. Бұл елде қандай да бір дінді ұстануға тыйым салынған, сондықтан барлық дерлік тұрғындар атеист болып келеді. Сонымен қатар үйлерінде діни кітап ұстауға болмайды. Мұнда тек басшыларына ғана табынады.

8. Мемлекет басшысына және отбасына тіл тигізуге болмайды. Солтүстік Корей тұрғындары басшылары Ким Чен Ын және отбасы мүшелеріне деген махаббаттары мен құрметін көрсетуі керек. Олар туралы басқа сөз айту билікке қауіп төндірген болып есептеледі және соңы абақтыға алып келеді.

(Білесіз бе? Мұнда айыпталушы қылмыскер жазаны бір өзі емес отбасы мүшелерімен түгел тартады. Әсіресе, саясаттық қылмыстарға байланысты. Егер, бір адам мемлекет басшысына тіл тигізген болса, ата-анасы, баласы, тіпті атасы мен әжесі де айыпты болады..

9. Айтса сенгісіз, бірақ мұнда әркім өз қалауымен шаш үлгісін жасата алмайды. Мемлекет басшысы Ким Чен Ын тағайындап берген 28 түрлі шаш үлгілері бойынша ғана шаш қидыртады.

10. Туристтер өз еріктерімен барар бағытын белгілей алмайды. КХДР-ға келген туристке, қайтқанға дейін арнайы бақылаушы бір адам тағайындалып бірге жүреді, туристтік маршруттарды да сол тағайындайды. Сондай-ақ туристтерге жергілікті жерлерді суретке түсіруге және тұрғындармен сөйлесуге болмайды.

11. Басшылықты таңдау. Мұнда да сайлауы болады, бірақ кімнің жеңетіні дауыс беру басталмай жатып-ақ бәріне белгілі.

12. БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдары) тарататын кез-келген мәлімет билік тарапынан қатаң бақыланады. Журналист мамандарының жауапкершілігі өте жоғары, себебі мәтіндегі қате үшін жұмыстан айырылып қана қоймай түрмеге жабылу да ғажап емес.

13. Солтүстік Корей көшелерінде билікті және мемлекет басшысын мақтап ілінген плакаттарға тиісуге, қандай да бір зақым келтіруге болмайды. Бұл үшін ұзақ жылға еңбек лагерьіне айдалуы мүмкін.

14. КХДР-да бала туылмай жатып, оның қай санатқа жататыны анықталады. Солтүстік Кореяда адамдар үш санатқа бөлінеді. Жоғарғы, бейтарап және жаулар. Бұл елде төменгі санаттан шыққан бала жоғары лауазымдарға келе алмайды.

15. Тұрғындар басқа елге қоныс аудара алмайды. Тек белгілі себеппен және арнайы рұқсаты бар адам ғана басқа мемлекетке бара алады. Еш себепсіз елден қашпақшы болған адам ұсталып қалса бірден темір торға қамалады немесе ату жазасына кесіледі. Бұған қарамастан он мыңдаған адам бұл елден сәтті қашып құтылған.

Оқуға кеңес береміз:

Солтүстік Кореяда оқушы болу деген не?

Солтүстік Кореяда білім беру қалай ұйымдастырылған

Солтүстік Кореядағы жалғыз метросының көрінісі қандай?

Оңтүстік Кореядан актриса мен режиссер ұрлатып алған Ким Чен Ир


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Марат

Солтүстік Корея ашылса жақсы болар еді, машинаны кореядан айдап әкелетін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз