Қарап көріңіз:
Әлихан – араб тілінен енген ғали мен ханның қосындысы. Ғали "әлидің" синонимі, биік, аса, зор, заңғар деген мағына береді.
Айсұлтан – "ай" мен "сұлтан" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында сұлтандай қадірлі болсын деген ниетпен қойылады. Сұлтан араб тілінен – "билеуші, әкім".
Нұрислам – "нұр" мен "ислам" сөздерінен құралған. Араб тілінде нұр – жарық, сәуле, ал "ислам" дініміз болғандықтан, Алланың нұры жаусын деген ниетпен қойған.
Әмір, араб тілінен – бастық, әкім, билеуші. Біріккен тұлғалы есімдер: Әмірбай, Әмірбек, Әміржан, Әміртай, Әмірәлі.
Әлинұр – "әли" мен "нұр" сөздерінен жасалған есім. Әли, араб тілінен – аса, зор, заңғар; Нұр – жарық, сәуле.
Ерасыл – аса аяулы, нағыз батыр.
Әли – араб тілінен ғали – биік, аса, зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер – Әлиасқар, Әлиакпар, Әлиахмет. Синонимдері: Ғали, Қали, Әлі, Алы.
Рамазан – араб тілінен рамадан – күйдіруші, жандырушы. Араб елдерінде бұл өте ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға осындай есімдер қойылған.
Санжар — көне түркі тіліндегі Саншора есімінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген түрі. Көне түркі, қазақ тілінде сан – "он мың", "шора – ер, батыр" деген мағыналарды білдіретінін ескерсек, "бір өзі он мың қолға тең ер, батыр" мәнінде қойылған есім екенін байқаймыз. Ғасырлар бойы айтыла келе, Саншора-Саншор-Саншар-Санжар болып өзгерген. Тағы бір мағынасы – бұзып өтуші.
Мирас — араб тілінен мұра, артта қалатын көз, тұяқ.
Арсен, Арсений – көне грек тілінен "арсениос" – батыл, ержүрек деген мағына береді.
Нұрасыл – "нұр" мен "асыл" сөздерінің қосындысы. Асыл – араб тілінен алынған әсил – 1) негіз, түбір, түп нұсқа; 2) шынайы, нағыз; 3) қымбатты, ардақты.
Ислам – түп-тамыры "салима", "юслиму", "ислам" яғни, бейбітшілік, аманшылық деген сөздерден бастау алады, ол Алла тағаланың "әс-Сәләм" деген көркем есімімен сабақтас. Ал шариғаттағы мағынасы – толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа жалған құдайларға табынбау.
Алдияр, араб-иран. аллайар – Алланың досы; тақсыр, ұлы мәртебелі.
Расул, араб тілінен – 1) хабаршы. 2) елші, уәкіл.
Артем, грек тілінен "артемес" – аман, аурусыз, сау.
Мансұр, араб тілінен – 1) жеңімпаз, жеңіске жетуші. 2) құдіретті.
Диас – испан тілінен – күн, күндіз. Испания көтерілісшілерінің көрнекті басшысы Хосе Диас құрметіне 1936 жылы қойылған есім.
Дамир — түрік тілінде темірді осылай атайды. Мұндай есім қойғандағы ниет "темірдей мықты болсын" дегеннен туса керек. Тағы бір мағынасы – ар, ождан. Дамир есімді азаматтар іскер келеді, ерік-жігері мықты. Жақтастары көп.
Дінмұхаммед – Дін + Мұхаммед; Мұхаммед – "аса мақтаулы, мақтауға лайық".

Айзере, қаз. ай+зере, иран тілінен "зер" – алтын. Алтынай есімінің синонимі.
Раяна – араб тілінен — 1) толық, тегіс, түзу; 2) дамыған, кемелденген, жетілген. Тағы бір мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.
Айару – "ай" мен "ару" сөздерінің қосындысы. Айдай сұлу ару болсын ниетпен қойылған.
Айша – араб тілінен гайшә – көне евр. айше – ұзақ өмір сүруші, өмірге құштар. Түрлері – Ғайша, Қайша.
Айлин – бұл есім, негізінен, түрік қыздарына жиі қойылады. "Ай нұры" деген мағына береді.
Әмина – араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.
Кәусар – араб тілінен – пәк, жомарт, мөлдір. Жәннаттағы өзеннің аты.
Аяла – қаз. мәпелеп өсіру, әлпештеу.
Інжу – араб тілінен – маржан.
Медина (Мәдина) – "қала", Мадинат ән-Нәбий ("Пайғамбар қаласы") деген тіркестен алынған. Мұсылмандардың қасиетті қаласы.
Айым – менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.
София – грек. – ақылды, білімді, дана. Сафия есімімен үндес, Сафия – "саф таза, тұнық; таңдаулы" деген мағына береді.
Аяулым – "менің жаным, қымбаттым" деген мағына береді.
Асылым, асыл – "текті, бекзат". Түп-төркіні осы сөзден шықса керек.
Адина, иран тілінен одина – 1) әдеміленген, безенген; 2) жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Бұл есім бізде қыз балаларға ғана қойылады. Ал Иран тілдерінде көбіне ұл балаларға қойылады. Синонимі – Әтина.
Амина – қазақша "Әмина". Араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.
Аружан – сұлу, көркем деген мағынада қойылады.
Аяна – араб тілінен – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.
Айкөркем – ай + көркем, "айдай сұлу көркем болсын" деген тілекпен қойылады.
Әдия – араб тілінен "хадия" – сый, сыйлық, тарту.
Қарап көріңіз:
Өздеріңізге ұнаған есімдерді пікірге жазып кетіңіздер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Мағжан
Мағжан, Томирис, Ескендір
Аруна
Өзіме Теңіз, Елсүйер мен Құдірет деген ат қатты ұнайды. Болашақта балаларыма қоймасам
Айдын
Баланың есімін таңдағанда оның мағынасы мен шығу тегі маңызды екенін жақсы түсіндім. Осы жерде берілген ұлдар мен қыздарға арналған ең жиі қойылатын есімдердің мағыналарын оқып, ата‑аналарға таңдау жасау оңайырақ болатынына көзім жетті. Мәселен, Әлиханның “биік, аса зор” деген мәні бар екені және Айару сияқты қыз есімдерінің әдемі мағынаға ие екенін білетінім жақсы болды.