Жанартаудың басым бөлігі тектоникалық тақталар (плиталар) өткен жерде қалыптасады. Егер екі географиялық платформаның түйіскен жерінде жер сілкінісі болса, міндетті түрде белсенді жанартаулар атқылай бастайды. Кейде жер сілкінісінен ұйқыдағы жанартаулар да оянып, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Назарларыңызға жанартау туралы қызықты деректерді ұсынамыз.
1. «Вулкан» сөзі латын тілінің «Volcanus» сөзінен этимологиялық бастау алады. Көне Рим империясының от құдайы осылай аталған. Аңыз бойынша Вулкан құдайы Италиядағы Этна жанартауында өмір сүрген.
2. Көне грек мифологиясында Этна тауының баурайында от құдайы Гефест өмір сүрген. Аңызға орай Прометей есімді титан жанартаудан от ұрлап, адамдарға береді.
3. Жүздеген жыл бұрын Мексикада өмір сүрген ацтектер мен Никарагуа тұрғындары «Лавада құдайлар өмір сүреді» деп сенген. Олар лаваға жасөспірім қыздарды құрбандыққа шалған.
4. Соңғы 400 жылда 250 мыңға жуық адам жанартаудың атқылау салдарынан қайтыс болған.
5. Малео атты құс өзінің жұмыртқаларын жанартау маңындағы ыстық құмдарға қояды. Жарып шыққан балапандардың біршамасы құмның ыстығына төзе алмайды.
6. Попокатепетль – қазіргі таңдағы ең қауіпті жанартау. Оның екінші атауы Эль-Попо, ол Мехикодан 51 шақырым қашықта орналасқан. Эль-Попо жыл сайын ауаға мыңдаған тонна газ бен күл шығарады.
7. Ғалымдар жанартаудың температурасын арнайы құрастырылған «термобу» электрлі термометрімен өлшейді. Термобу бір рет қана қолданылады. Себебі әркез өлшеу кезінде лава термометрді ерітіп жібереді.
8. Аустралия тектоникалық платформаның орталығында орналасқан. Сондықтан аталған материкте белсенді жанартау жоқ.
9. «Лава» латынның «lavara» сөзінен шығып, «жуу» деген ұғымды береді. Лава сағатына 90 шақырым жылдамдықпен ағады.
10. Жерде 1500-ден астам белсенді жанартау бар. Олардың 20-30-ы жыл сайын атқылайды.
11. 1963 жылы су асты жанартауы атқылап, теңіз деңгейінен көтеліреді. Нәтижеде Исландияның оңтүстік-батысындағы Суртсей аралы қалыптасады. Бүгінгі таңда Суртси ауданы – 2,5 шаршы шақырым. Арал Норвегия мифологиясындағы отты алып Суртаның құрметіне аталған.
12. Жанартаудың атқылауы VEI шкаласы бойынша өлшенеді. 0 ең осал атқылау болса, 8 – ең қауіпті түрі.
13. Индонезияның Тоба өзеніндегі жанартау осыдан 75 мың жыл бұрын атқылаған. Нәтижеде Жердің магма қоры уақытша таусылып, мұз дәуірі басталады. Бұл құбылыс атмосферада күкірт қышқылының пайда болуына түрткі болады.
14. 1980 жылы 18 мамырда атқалаған Сент-Хеленс жанартауы 500 атом бомбасының қуатына тең. Ғалымдар оны орта сатылы жанартаулар қатарына енгізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі