Өлең, жыр, ақындар

Жігіттің 9 жауы

Ата-бабаларымыз елдің қорғаны, халқының қамқоры ер жігіттің тоғыз жауын атап, одан аулақ болуды насихат етіп сақтандырған екен.

Бірінші: Басты жауы - жалқаулық ,
Сорлататын жаныңды.

Екінші: Осалдығың - анқаулық ,
Соқтыратын саныңды.

Үшінші: Жасқаншақ болсаң, ұры алар,
Қоралап қойған малыңды.

Төртінші: Жалатқызбас жасықтық,
Аузыңдағы балыңды.

Бесінші: Өтірік айтсаң өңмеңдеп,
Жоғалтасың арыңды.

Алтыншы: Өсек терсең телмеңдеп,
Суға кетірер салыңды.

Жетінші: Көпірме босқа мақтан қып,
Түкке тұрмас барыңды.

Сегізінші: Көрінгенге жалтақтап,
Бола алмайсың жағымды.

Тоғызыншы: Біреуді алдап - арбаумен,
Аша алмайсың бағыңды.

Назар аудар:

Жеті қазына

Қазақтың жетілері

Бапан бидің айтқан Тоғыз жауы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Мұхтар Ж

Қысқа болса да өмірдегі ең қажетті өсиет екен, өсиеттердің қаймағы, жазып, жаттап, өмірге асыратын нәрсе. Барша қазақ осы мінезбен мінезделсе қоғамымыз нұрланар еді. Бабаларымыз мықты болған біз соған саймыз ба?

Марғұлан С

Көп оқыған кітаптардың ішінен осындай мағыналы сөз таппадым.

Арман

"Жігіттің 9 жауы" мақаласы – қазақтың ежелгі даналығының жарқын үлгісі! Ата-бабалар ел қорғаушы, халық қамқоршысы ер жігіттің тоғыз жауын атап, сақтандырған: 1. Жалқаулық (сорлататын жаныңды), 2. Анқаулық (соқтыратын саныңды), 3. Жасқаншақтық (ұры алар малыңды), 4. Жасықтық (балыңды жалатқызбас), 5. Өтірік (арыңды жоғалтасың), 6. Өсек (салыңды суға кетіреді), 7. Мақтану (барыңды түкке тұрғызбайды), 8. Жалтақтау (жағымды бола алмайсың), 9. Алдау (бағыңды аша алмайсың). Әрқайсысына поэтикалық түсініктеме беріліп, өмірлік салдары көрсетілген. Жігіттің жаулары, қазақ өсиеті, ер адамның жаман әдеттері іздегендерге осы мақаланы ұсынамын! Bilim-all.kz сайтында мұндай асыл мұраларды жинап бергендеріңіз үшін алғыс.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз