«О, туған жер қадіріңді кім білген?
Мен қырыңда теруші едім бүлдірген.
Артық екен сенде өткізген бір күнім,
Өзге елден той-тойланған мың күннен» - деп ақын ағамыз Тұманбай Молдағалиев жырлағандай, өз туған жеріміздей жерді Асан Қайғыға ұқсап желдей жүйрік жел маяға мініп, жер бетін шарласақ та таппаспыз. Бірақ сол алтынаннан да ардақты, бағалы дүниеміздің қадір-қасиетіне жетпейміз. Туған жердің төсінде, тыныштық пен теңдікте алаңсыз, уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқасын, бізге оның қаншалықты бағалы екенін аңғармаймыз. Кейде ойлаймын, адам өз туған жерінің қадіріне жетуі үшін, оны құрметтеп, қадірлеу үшін өзге елге жіберіп, сағындырып, елге келгенше, елді көргенше ынтық қылу керек пе деп. Сонда елге келуі арман болған жандардың оқиғасын бастан кешеріп, ел қадірін түсінер. Өзге елде билігі мен байлығы асқан, Мысырдың билеушісі болған Сұлтан-Бейбарыстың өзі туған жерді өмір бойы аңсап өткен жоқ па? Шынына келгенде біз өзге елде болсақ қана өз елімізді сүйетінімізді түсінеміз, ал өз елімізде алаңсыз жүргенде ел туралы ойда қозғамаймыз.
Біз Қазақстанымызды барлығымыз жанымыздан артық сүйеміз, жақсы көреміз. Қазақстан біз үшін сезімдер түйісі, Қазақстан – біздің жүрегіміздегі үлкен сүйсіпеншілік мекені, Қазақстан- жылулық пен жарық өлке, Қазақстан-достық пен сезімдер түйіні. Оның барлығы менің, сенің, біздің елге деген зор ықыласымыз, сүйіспеншілігіміз. Барлығы елімізді жақсы көретімізді біледі. Бірақ Қазақстанды неге, қалай, не үшін жақсы көретінімізді дөп басып айтып бере алмайды. Сондықтан осы сұрақтарға мен өз жүрегімнің түкпірінен жауап іздеп, өз ой-пікіріммен жауап бергім келіп отыр. Елімізді сүю бірінші себебі бұл-біздің кіндік қан тамған, тәй-тәйләп алғашқы қадам басқан, ата-бабаң қасық қаны қалғанша қорғап, атадан балаға мирас болған, ата көш қонған, балалығың мен шалалығыңа куә болған ыстық жер. Яғни Қазақстанды бірінші кезекте туған жеріміз, отанымыз болғаны үшін сүйеміз. Былай қарасақ өзінің туған, кіндігінің күрмеуі шешіліп, балалығыңнығ ыстық естелігі өткен жерді қалай сүймейсің? Екінші, Қазақстанды сүюге себеп: Қазақстан бізге жылы естеліктерді сыйлаған жандардың тоғысқан мекені. Қазақстан бізге үнемі отбасымызды, дос-жарандарымызды, тума-туысты, жанға жақын жандарды еске салып тұрады. Елден шеттеп шыққанда бірінші біз әрине осы жандарды сағынамыз, солай барып осы жандар бірігіп, Қазақстанымызды құрайды. Үшінші Қазақстанды сүюдің себебі Қазақстанның үлкен ерекшеліктері. Өзге елге ұқсамайтын, өзге елден іздесең де таба алмайтын ерекшеліктері үшін, тек өзіне тән қадір-қасиеттері үшін сүйеміз. Табиғи ерекешілктері болсын, мейлі өзіміз қолдан құраған ерекшеліктері болсын, елден ерек ерекшеліктері үшін сүйеміз. Төртінші себебі Қазақстанда қанша ғасырлар бойы неше түрлі ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр . Олардың діні де, тілі де, ұстанымдары да, салты да, ғұрпы да бөлек, бірақ бір шаңырақ астында, сол шаңырақты шайқалтпай құлатпай өмірі сүруде. Бұл да Қазақстанды сүюге деген бір себеп. Кейбір мемлекеттер де өзге түгіл, өз ұлттарымен сыйыспау кездеседі. Ал біз 130 астам ұлт бола тұра, бір нанды бөліп жеп, бір жерде , араласып-құраласып, сыйластықта өмір сүрудеміз. Бірақ бұл себептердің ішідегі ең басты себеп, әрине , Қазақстанның біздің туған отанымыздың болуы. Мейл оның ұлты басқа болсын, бірақ оның отаны да, менің де отаным Қазақстан. Меніңше, Қазақстанды сүюге басқа себетің қажеті де шамалы.
Менің елімді бар болмысымен сүйемін. Қызарып күнінің атқанынын да, түнеріп батқанын да, кішкентай тасынан бастап, көктіреген тауына дейін, қыбырлаған жәндігінен бастап, алып жан-жануарына дейін, нулы орманын да, жазира жазық даласын да, терең де тұңғиық көлін де, ағысты өзенінін де, қапырық шөлін де, көк аспанын да сүйемін. Көне тоз тарихын да, мерейлі мәртебесін де, әдемі әдебиетін де, көп ұлтты халқын да, бірлікті шаңырағын да, салт-дәстүрін да, әдеп-ғұрпын да, мәңгілік мәдениеті мен әдебін де, адамдардың бір-біріне деген сыйластығын да, қонақ десе құшағы ашық тұратын қонақжайлығын да, қайтарымсыз мейірімі мен сүйіспеншілігін де сүйемін. Мұқағали атам айтқандай:
«Мен оның күнін сүйем, түнін сүйемін,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйемін.
Мен оның қасиетті күнін сүйемін,
Мен оның құдіретті үнін сүйемін.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен,
Отаныңды сүюің де күйік екен,
Отаның сүймеуіңде күйік екен»
Мен Отанымды күйіп-жанып тұрып сүйемін. Отанды сүю – парыз, қорғауың- міндет. Сондықтан өз Отанымызды сүйіп, қадіріне жетіп, мәңілікке бағалап өтейік.
Ізбасарова Фариза Асылбекқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі