Жалпы тарихты білу ол болашққа бағдар ұстау үшін керек. Яғни өткеннен сабақ алып , қателіктерді қайталамауға. Тарихты білмей қазіргі күн мен болашақты бағалау мүмкін емес, қоғамның дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы өте маңызды .
Тарихын білмейтін халықтың келешегі бұлынғыр. Ондай халық түбінде әлем сахнасынан жойылып кетеді.
«Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел – қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді. » деп Міржақып Дулатұлы атамыз бекер айтпаған. «Жеті атасын білмеген жетесіз »демекші , қазіргі таңда тарихтың бетін ашпаған , жеті атасын білмейтін жастар көбейіп барады. Осындай жастардың көбейуінің бірнеше себептері бар. Ең көп таралаған себептердің бірі бұл әрине отбасындағы тәрбие.
Балаға жеті атасы туралы мүлдем айтылмайтың болса, баланың өз тарихы бойынша білімі өте төмен болып қалыптасады. Сондықтан баланы кішкентай кезінен өз тарихы туралы айтып өсіру керек.
Балаға тарих туралы ақпараттар беру арқылы біз «бұл менің елім, жерім » деп мақтанып, патриоттық сезімдері тасып тұратын жас ұрпақтарды тәрбилей аламыз. Ал патриоттық сезімі тасып тұрған жастар қазақ елін тек гүлдендіре түседі.
Ұлы даламызыдың тарихы теренде жатыр, қазіргі таңда біз білмейтін тарихи оқиғалар көп. Сол тарихты біз зерттемесек, кім зерттейді?
Мағжан Жұмабаев атамыз «Мен жастарға сенемін » деп кеткен болатын, сол кісінің үмітін ақтайық .
Тарихты білу өз елінді, ата-бабанды құрметтеу.
Диана Тимурова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Омар
Әрине маңызды